Гран-при ( — үлкен жүлде) — Канн кинофестивалінің қазылар алқасы тарапынан негізгі конкурсындағы фильмге берілетін маңыздылығы жағынан екінші марапат. 1954 жылға дейін, сондай-ақ 1964 — 1974 жылдары Канн кинофестивалінің басты марапаты («Алтын пальма бұтағы») «Гран-при» деп аталған болатын.
Тарихы Марапат алғаш рет 1967 жылы табыс етілді. 1977 жылы жүлде ешкімге берілген жоқ. Ал 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты фестиваль мүлдем өткізілмеді. 1968 жылы Франциядағы мамыр оқиғаларына байланысты фестиваль орта жолдан тоқтатылып, ешқандай марапат үлестірілмеді.
Сондай-ақ қазылар алқасының дауыстары тең түсіп, жүлдені екі фильм өзара бөліскен 10 жағдай тіркелді (1967, 1971, 1976, 1978, 1989, 1990, 1994, 2011 және 2021–2022 жылдары). Бұл аталымда ең көп жеңіске жеткендер — Андрей Тарковский, Бруно Дюмон, Нури Бильге Джейлан және Маттео Гарроне (әрқайсысы екі реттен жеңімпаз атанды). Сонымен қатар марапатты үш режиссерлік тандем өзара бөлісті: «Аққан жұлдыздар түні» (1982) фильмі үшін Паоло мен Витторио Тавиани, «Велосипед мінген бала» (2011) үшін Жан-Пьер мен Люк Дарденндер және «Льюин Дэвистің ішінде» (2013) туындысы үшін Джоел мен Итан Коэндер. Бұл жүлдені алған алғашқы әйел режиссер — 1984 жылы «Балаларыма арналған күнделік» фильмін түсірген Марта Месарош болды.
1995 жылдан бастап марапаттың ресми атауы жай ғана Гран-при деп өзгертілді. Алайда, 1967 жылы негізі қаланғалы бері оның тағы екі атауы болған: «Қазылар алқасының арнайы гран-приі» (Grand Prix Spécial du Jury, 1967–1988) және «Қазылар алқасының гран-приі» (Grand Prix du Jury, 1989–1994).
Жеңімпаздар Жыл Қазақша атауы Түпнұсқа атауы Режиссёрі Өндіруші ел 1967 Accident Джозеф Лоузи Skupljači perja Александр Петрович 1969 Ådalen 31 Бу Видерберг 1970 Indagine su un cittadino al de sopra di ogni sospetto Элио Петри 1971 Johnny Got His Gun Далтон Трамбо Taking Off Милош Форман 1972 Солярис Андрей Тарковский 1973 La Maman et la putain Жан Эсташ 1974 Il fiore delle Mille e una notte Пьер Паоло Пазолини 1975 Jeder für sich und Gott gegen alle Вернер Херцог 1976 Cría Cuervos Карлос Саура Die Marquise von O... Эрик Ромер 1978 Ciao maschio Марко Феррери The Shout Ежи Сколимовский 1979 Сибириада Андрей Кончаловский 1980 Mon oncle d'Amérique Ален Рене 1981 Les Années lumière Ален Таннер 1982 La Notte di San Lorenzo Паоло мен Витторио Тавиани 1983 Monty Python's The Meaning of Life Терри Джонс 1984 Napló gyermekeimnek Марта Месарош 1985 Birdy Алан Паркер 1986 Offret Андрей Тарковский 1987 მონანიება Тенгиз Абуладзе 1988 A World Apart Крис Менгес 1989 Nuovo Cinema Paradiso Джузеппе Торнаторе Trop belle pour toi Бертран Блие 1990 死の棘 Кохэй Огури Tilaï Идрисса Уэдраого 1991 La Belle Noiseuse Жак Риветт 1992 Il Ladro di bambini Джанни Амелио 1993 In weiter Ferne, so nah! Вим Вендерс 1994 Утомлённые солнцем Никита Михалков 活着 Чжан Имоу 1995 To Vlemma tou Odyssea Тео Ангелопулос 1996 Breaking the Waves Ларс фон Триер 1997 The Sweet Hereafter Атом Эгоян 1998 Көркем тіршілік La vita è bella Роберто Бениньи 1999 Humanité Бруно Дюмон 2000 鬼子来了 Цзян Вэнь 2001 La Pianiste Михаэль Ханеке 2002 Mies vailla menneisyyttä Аки Каурисмяки 2003 Uzak Нури Бильге Джейлан 2004 Олдбой 올드보и Пак Чхан Ук 2005 Broken Flowers Джим Джармуш 2006 Flanders Бруно Дюмон 2007 殯の森 Наоми Кавасэ 2008 Gomorra Маттео Гарроне 2009 Un prophète Жак Одиар 2010 Des hommes et des dieux Ксавье Бовуа 2011 Le Gamin au vélo Ағайынды Дарденндер Bir Zamanlar Anadolu'da Нури Бильге Джейлан 2012 Reality Маттео Гарроне 2013 Inside Llewyn Davis Ағайынды Коэн 2014 Le meraviglie Аличе Рорвахер 2015 Saul fia Ласло Немеш 2016 Juste la fin du monde Ксавье Долан 2017 120 battements par minute Робен Кампийо 2018 BlacKkKlansman Спайк Ли 2019 Atlantique Мати Диоп 2021 Hytti nro 6 Юхо Куосманен قهرمان Асгар Фархади 2022 Close Лукас Донт Stars at Noon Клер Дени 2023 Қызығушылық аймағы The Zone of Interest Джонатан Глейзер 2024 പ്രഭയായ് നിനച്ചതെല്ലം Паял Кападиа 2025 Сентименталды құндылық Affeksjonsverdi Йоаким Триер 2026 Минотавр Минотавр Андрей Звягинцев
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Cannes Film Festival official website
Санат:Канн кинофестивалі