Роджер Джозеф Эберт (; , Урбана, Иллинойс — , Чикаго, Иллинойс) — америкалық киносыншы, кино тарихшысы, эссеист, сценарийші және жазушы.
Ол 1967 жылдан бастап өмірден өткенге дейін «Chicago Sun-Times» газетінде қызмет етті. Эберт өзіне тән жазу стилімен және популизм мен гуманизм құндылықтарына негізделген сыншыл көзқарастарымен танымал болды. Оның тартымды әрі қарапайым тілмен жазылған прозасы күрделі кинематографиялық және аналитикалық идеяларды қалың көрерменге түсінікті етіп жеткізе білді. Эберт қалың бұқараның ықыласына бөлене алатын шетелдік және тәуелсіз фильмдерді үнемі қолдап, Вернер Херцог, Эррол Моррис және Спайк Ли сияқты режиссерлердің, сондай-ақ алғашқы кәсіби рецензиясын өзі жазған Мартин Скорсезенің бағын ашты.
1975 жылы Эберт сын саласындағы еңбегі үшін Пулитцер сыйлығын иеленген тарихтағы тұңғыш киносыншы атанды. «Chicago Sun-Times» тілшісі Нил Стейнберг Эбертті «елдегі ең көрнекті әрі ықпалды киносыншы болғаны даусыз» деп сипаттаса, «Los Angeles Times» басылымынан Кеннет Туран оны «Америкадағы ең танымал киносыншы» деп атады. Ал «The New York Times» газетінің пайымдауынша: «Оның пікірлерінің қуаты мен көркемдігі кино сынын америкалық мәдениеттің басты ағымына айналдырды. Ол киносүйер қауымға не көру керектігін айтып қана қоймай, көрген нәрсесі туралы қалай ойлау керектігін де үйретті».
Мансабының басында Эберт Расс Мейердің (1970) фильмінің сценарийін бірлесіп жазды. 1975 жылдан бастап бірнеше онжылдық бойы Эберт пен «Chicago Tribune» сыншысы Джин Сискель PBS арнасындағы бағдарламасын, кейіннен коммерциялық теледидарда әртүрлі атаумен шыққан «At the Movies» шоуларын бірге жүргізіп, кинорецензия жанрын теледидарда жалпыұлттық деңгейде танымал етуге зор үлес қосты. Екі сыншы фильмдерді талқылау кезінде жиі сөз жарыстырып, бір-бірін әзілмен қағытып отыратын. Олар екеуі де бір фильмге оң баға бергенде қолданылатын «екі бас бармақ жоғары» (two thumbs up) деген тіркесті ойлап тауып, оны сауда белгісі ретінде тіркеді. 1999 жылы Сискель ми ісігінен қайтыс болғаннан кейін, Эберт бағдарламаны әртүрлі жүргізушілермен, ал 2000 жылдан бастап Ричард Роупермен бірге жалғастырды. 1996 жылы Эберт өткен шақтағы ұлы фильмдер туралы эсселер сериясын жариялай бастады; оның алғашқы жүз туындысы «The Great Movies» деген атпен жарық көрді. Кейіннен ол тағы екі том шығарды, ал төртінші томы оның өмірден өткенінен кейін жарияланды. 1999 жылы ол Иллинойс штатының Шампейн қаласында (бастапқыда The Overlooked Film Festival) негізін қалады.
2002 жылы Эбертке қалқанша және сілекей бездерінің қатерлі ісігі деген диагноз қойылды. Емдеу барысында 2006 жылы оның төменгі жағының бір бөлігін алып тастауға тура келді, бұл оның бет-әлпетін қатты өзгертіп, қалыпты сөйлеу және тамақтану қабілетінен айырды. Соған қарамастан, оның жазу қабілетіне ештеңе әсер еткен жоқ және ол 2013 жылы қайтыс болғанға дейін интернетте де, баспасөзде де жиі мақала жариялауын тоқтатқан жоқ. Оның 2002 жылы ашылған «RogerEbert.com» веб-сайты әлі күнге дейін оның жазбаларының мұрағаты ретінде жұмыс істеп тұр. Ричард Корлисс ол туралы: «Роджер өзінен кейін кино, әдебиет, саясат саласындағы қажымас білгірліктің және оның 2011 жылғы автобиографиясының атауымен айтқанда, "Өмірдің өзі" (Life Itself) атты үлкен мұра қалдырды», — деп жазды. 2014 жылы бұл автобиография негізінде дәл сондай атаумен деректі фильм түсіріліп, ол сыншылардың жоғары бағасына ие болды.
Өмірбаяны Ерте жылдары және білімі Роджер Джозеф Эберт 1942 жылы 18 маусымда Иллинойс штатының Урбана қаласында дүниеге келген. Ол есепші Аннабел мен электрик Уолтер Гарри Эберттің жалғыз баласы еді. Ол католик дінінде тәрбиеленіп, Урбанадағы Әулие Мария бастауыш мектебіне барды және шіркеуде қызметші бала болды.
Оның әкесі жағынан ата-әжесі Германиядан келген иммигранттар болса, анасы жағынан тегі ирландықтар және голландтар еді. Оның кино әлемінен ең алғашқы естелігі — ата-анасының оны ағайынды Маркстардың қатысуымен шыққан фильміне алып баруы болды. Ол өзінің естелігінде Гекльберри Финнің басынан кешкендері шығармасын «өмірімде оқыған алғашқы нағыз кітабым және әлі күнге дейін ең үздігі» деп жазды.
Ол жазушылық жолын үйінің жертөлесінде өз қолымен басып шығаратын The Washington Street News газетінен бастады. Сондай-ақ, сол тұстағы ғылыми-фантастикалық фанзиндерге (әуесқой журналдарға) пікір хаттар жолдап, кейіннен Stymie атты жеке журналының негізін қалады. Небәрі 15 жасында басылымына жұмысқа тұрып, Урбана орта мектебінің спорттық шараларын қамтитын спорт тілшісі болды. Ол Урбана орта мектебінде оқып жүргенде, бітіретін жылы сынып президенті әрі мектептің The Echo газетінің бас редакторы міндетін атқарды. 1958 жылы Иллинойс орта мектептері қауымдастығы ұйымдастырған шешендік өнер сайысында радиожаңалықтар форматын имитациялайтын «радиоарқылы сөйлеу» бағыты бойынша штат чемпионатында жеңіске жетті.
Эберт ерте қабылданған студент ретінде оқуға түсті; ол орта мектептегі сабақтарын аяқтай жүріп, университеттегі алғашқы курсын да қатар оқып шықты. 1960 жылы Урбана орта мектебін бітірген соң, осы Иллинойс университетінде білімін жалғастырып, 1964 жылы журналистика бағыты бойынша бакалавр дәрежесін иеленді. Университет қабырғасында жүргенде Эберт газетінде тілші болып жұмыс істеді, әрі News-Gazette басылымындағы қызметін де қатар алып жүріп, бітіретін жылы студенттік газеттің бас редакторы болды. Студенттік жылдарында ол Phi Delta Theta студенттік бірлестігінің мүшесі және Америка Құрама Штаттары студенттік баспасөз қауымдастығының президенті қызметін атқарды. Оның қаламынан шыққан ең алғашқы кинорецензиялардың бірі 1961 жылдың қазан айында The Daily Illini газетінде жарық көрген фильміне арналды.
Эберт ағылшын тілі кафедрасының магистратурасында бір семестр оқып, кейін Ротари стипендиясымен бір жыл білім алды. Кейптауннан оралған соң, Иллинойстағы аспирантурада тағы екі семестр оқыды. Содан кейін Чикаго университетінің аспирантурасына қабылданып, Чикагоға көшуге дайындала бастады. Докторлық диссертациясын жазу барысында өзін асырау үшін оған жұмыс қажет еді. Ол бұған дейін де аталған басылымға фрилансер ретінде материалдарын, соның ішінде жазушы Брендан Биэннің өлімі туралы мақаласын сатып жүргендіктен, редактор Герман Коган өзін жұмысқа алады деп үміттеніп, газетіне өтініш берді.
Алайда Коган Эбертті Chicago Sun-Times газетінің бас редакторы Джим Хогқа жіберді, ол 1966 жылы Эбертті тілші әрі мақалалар авторы ретінде жұмысқа алды. Ол бір жыл бойы жалпы бағыттағы тілші болып қызмет атқара жүріп, Чикаго университетіндегі докторлық курстарға да қатысып тұрды. 1967 жылдың сәуірінде киносыншы Элеанор Кин Sun-Times газетінен кеткеннен кейін, редактор Роберт Зонка бұл міндетті Эбертке жүктеді. Газета басшылығы жас киносыншының сияқты туындыларды, сондай-ақ Жан-Люк Годар мен Франсуа Трюффоның еңбектерін талдап, жазғанын қалады.
1968 жылдан бастап Эберт Чикаго университетіне шақырылған лектор ретінде қызмет етіп, Грэм атындағы үздіксіз либералды және кәсіби зерттеулер мектебінде кино өнері туралы кешкі курс жүргізді. Бірақ аспирантурадағы оқу жүктемесі мен киносыншылық жұмысты қатар алып жүру тым қиынға соқты. Содан кейін Эберт өзін толықтай кино сыны саласына арнау үшін Чикаго университетіндегі оқуын тоқтатты.
Мансабы thumb|right|Эберт (оң жақта) Расс Мейермен бірге, 1970 жыл Эберттің Chicago Sun-Times газетіндегі алғашқы киносыны былай басталды: Жорж Лотнердің фильмі бәріміздің анамыз — мұхиттың асқақ кадрларымен басталып, сонымен аяқталады. Алайда осы екі аралықта жағаға ұрып жатқан толқынның француз жаңа толқыны екені анық байқалады». Ол бұл күндерді былай еске алады: «Зонка маған бұл жұмысты бергеннен кейін, бір күн ішінде Роберт Уоршоудың The Immediate Experience кітабын оқып шықтым». Ол осы еңбектен мынадай тұжырым түйеді: «сыншы теория мен идеологияны, теология мен саясатты ысырып қойып, өзін тікелей әсерге аша білуі керек». Осы жылы ол Нью-Йорк кинофестивалінде атақты киносыншы Полин Кейлмен алғаш рет кездеседі. Оған өзінің бірнеше мақаласын жібергеннен кейін, Полин Эбертке бұл дүниелерді «бүгінгі таңда америкалық газеттерде жарық көріп жатқан ең үздік киносын» деп бағалайды. Ол Кейлдің өз жұмыс әдісі туралы: «Мен киноға барамын, оны тамашалаймын, содан кейін өз-өзімнен маған не болғанын, бұл туындының маған қалай әсер еткенін сұраймын» деп айтқанын еске алады.
Эберттің кәсіби тұрғыдан қалыптасуына Ингмар Бергманның «Персона» фильміне жазған рецензиясы үлкен әсер етті. Ол бас редакторға туындыны толық түсіндіріп бере алмайтындықтан, оған қалай сыни шолу жасау керектігін білмей тұрғанын айтады. Сонда редакторы оған: «Сен оны түсіндіруге міндетті емессің, тек көргеніңді сипаттап берсең жеткілікті», — деп жауап берген екен.
Ол Артур Пенннің туындысын алғашқылардың бірі болып қолдап, оны «Америка киносы тарихындағы айтулы белес, шынайылық пен шеберліктің озық үлгісі» деп бағалады. Ол Мартин Скорсезенің ең алғашқы туындысы (1967 жылы алғаш рет «Мен бірінші шақырамын» деген атаумен шыққан) фильміне рецензия жазып, жас режиссерді болашақта «Америклық Феллини» болуы мүмкін деп болжады. Эберт Расс Мейердің фильмінің сценарийін бірлесіп жазды және кейде бұл туындыға өзінің қатысы барын айтып әзілдейтін. Прокатқа шыққан тұста фильм сәтсіз деп танылғанымен, кейіннен культтік фильмге айналды. Эберт пен Мейер сондай-ақ , және басқа де фильмдерді түсірді, сонымен қатар Sex Pistols тобы туралы түсірілімі сәтсіз аяқталған фильмінің жұмысына араласты. 2010 жылдың сәуірінде Эберт өзінің блогында «Ұлыбританиядағы анархия» деген атпен де белгілі осы «Бэмбиді кім өлтірді?» фильмінің сценарийін жариялады.
Эберт 1972 жылы өткен 33-ші Венеция халықаралық кинофестивалінің қазылар алқасының мүшесі болды.
1975 жылы Эберт сын бағыты бойынша Пулитцер сыйлығын иеленді. Осы жеңісінен кейін оған The New York Times және The Washington Post басылымдары жұмыс ұсынды, бірақ ол Чикагодан кеткісі келмегендіктен, екі ұсыныстан да бас тартты. Дәл соның алдында, сол жылы ол Chicago Tribune газетінің тілшісі бірге апта сайынғы фильмдерге шолу жасайтын (кейіннен «Sneak Previews») атты телевизиялық шоуды бірлесіп жүргізе бастады. Бұл жұп өздерінің «басбармақ жоғары/басбармақ төмен» деген бағалау әдісімен кеңінен танымал болды. Олар тіпті «Екі басбармақ жоғары» (Two Thumbs Up) деген тіркесті өздерінің сауда белгісі ретінде ресми түрде тіркеп алды.
Сискел мен Эберт дуэті ел арасында өте танымал болғаны соншалық, олар Американың ең танымал түнгі ток-шоуларына (Дэвид Леттерман, Джонни Карсон, Опра Уинфри, Джей Лено және Конан О'Брайен бағдарламаларына) ондаған рет қонақ ретінде шақырылды. Сискел мен Эбертті кейде «киносынның деңгейін түсірді» деп айыптаушылар болды. Мысалы, Ричард Корлисс журналында бұл бағдарламаны «кинотеатрда тұратын және үнемі салғыласып жүретін екі жігіт басты рөлде ойнайтын ситком» деп атады. Бұған жауап ретінде Эберт бұл шоудың терең академиялық сын емес екенін мойындады, бірақ олардың пікірталастары өскелең ұрпақты кино туралы дербес ой қорытуға талпындыратынын айтты
1996 жылы баспасының өтінішімен Эберт кино туралы жазылған үздік мәтіндердің антологиясын құрастырып, ол Roger Ebert's Book of Film: From Tolstoy to Tarantino, the Finest Writing From a Century of Film деген атпен жарық көрді. Оған Луиза Брукс пен Дэвид Томсон сияқты авторлардың түрлі бағыттағы еңбектері енді. Осыдан кейін ол өзі жұмыс істейтін газет редакторының қолдауымен өткендегі үздік туындыларға арналған көлемді мақалалар сериясын бастады. Бұл айдарды ол «Касабланка» фильмінен бастады, ал кейіннен бұл эсселер жинақталып, бірнеше томдық The Great Movies (алғашқы томы 2002 жылы шықты) кітабы болып басылды. Төртінші томы оның өмірден өткенінен кейін жарық көрді.
Сонымен қатар, 1999 жылы Эберт өзінің туған өлкесі Шампейнде (Иллинойс) еленбей қалған туындыларға арналған (бастапқыда The Overlooked Film Festival) кинофестивалінің негізін қалады.