Жаңылдық Нығызбайқызы Жүнісова — филология ғылымының докторы (2001), профессор (2008).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1955 жылы 8 ақпанда Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Белағаш ауылында туған.

Қарағанды мемлекеттік университетін (1979, қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті) бітірген. Орта мектепте мұғалім (1979-81), Қарағанды педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі (1989-96), Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (1996-2003), декан (2003-06), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі комитетінің аға қызметкері (2006-07), Еуразия ұлттық университеті ректорының кеңесшісі (2007-08), кафедра меңгерушісі (2008-09), профессор.

Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты билингвальды лексикография теориясы, грамматикография, фразеография, салыстырмалы-тарихи жəне салғастырмалы тіл білімін зерттеуге арналған. "Категория глагольного времени в грамматикографии: коммуникативно-контенсивный аспект" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 90-нан астам ғылыми еңбектердің авторы.

Марапаттары "Сорос-Қазақстан" қоры гранты (2000, 2001, 2002); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мақтау грамоталары (2005), алғыс хаттары (2004, 2005, 2012); "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2009).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Библиографиялық көрсеткіштер. Жаңылдық Нығызбайқызы Жүнісова.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Қарағанды медицина университеті түлектері Санат:Еуразия ұлттық университетінің профессорлары