Новотроицкое — Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы ауыл, Новотроицкий ауылдық округі орталығы.
Георафиялық орны Аудан орталығы – Қарабалық кентінен солтүстік-батысқа қарай 39 км-дей жерде, орманды-дала белдемінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 1499 адам (732 ер адам және 767 әйел адам) болса, 2009 жылы 978 адамды (480 ер адам және 498 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты қаланған. 1957–1996 жылдары астық өсіруге маманданған “Мағынай” кеңшарының орталығы болған. Кеңшар негізінде Новотроицкоеде ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
Дереккөздер
Санат:Қарабалық ауданы елді мекендері