Шошқалы соғыс — 1859 жылғы 29 шілдеде басталған, АҚШ пен Ұлыбритания арасындағы Сан-Хуан аралдарындағы даулы аумақта атылып өлтірілген бір шошқаға байланысты туындаған қақтығыс. 1872 жылдың 25 қарашасында аяқталдыСоғыс ашудың миға қонымсыз себептерінің бестігі.

Алғышарттары

1846 жылғы 15 маусымда қол қойылған Орегон келісімі АҚШ пен Британдық Солтүстік Америка арасындағы шекараны Жартасты таулардан батысқа қарай былай белгіледі: «.. солтүстік ендіктің қырық тоғызыншы параллелі бойынша Ванкувер аралын құрлықтан бөліп тұрған бұғаздың ортасына дейін, одан әрі аталған бұғаздың ортасымен оңтүстік бағытта және Хуан-де-Фука бұғазы арқылы Тынық мұхитына дейін..».

Мәселе «бұғаздың ортасы» ұғымының екі түрлі түсіндірілуінде болды: шекара Сан-Хуан аралдарының батысындағы Харо бұғазы арқылы немесе шығысындағы Розарио бұғазы арқылы өтуі мүмкін еді.

1846 жылы бұл өңірдің географиясы әлі толық зерттелмеген болатын. Қолда бар негізгі карталар 1798 жылы Джордж Ванкувер мен 1845 жылы Чарльз Уилкс жариялаған карталар еді. Екеуі де Ванкувер аралының оңтүстік-шығыс жағалауы мен Галф аралдары маңында дәл емес болғандықтан, Харо бұғазының нақты орналасуы белгісіз еді.

1856 жылы АҚШ пен Ұлыбритания шекара мәселелері жөніндегі комиссия құрды. Оның міндеті Джорджия бұғазынан Хуан-де-Фука бұғазына дейінгі су шекарасын анықтау болды. Британ тарапының өкілдері — Джеймс Чарльз Прево, Джордж Генри Ричардс және Уильям Янг, ал америкалық тараптан — Арчибальд Кэмпбелл, Джон Парк және Уильям Уоррен қатысты.

1857 жылы өткен келіссөздер барысында Прево келісім мәтінінде Розарио бұғазы меңзелген деп мәлімдеді. Кэмпбелл болса Харо бұғазы туралы айтты. Превоның пікірінше, келісімдегі бұғаз: Ванкувер аралын құрлықтан бөлуі; оңтүстік бағытта созылуы; кеме қатынасына жарамды болуы тиіс еді. Оның ойынша, бұл талаптарға тек Розарио бұғазы сай келді. Кэмпбелл бұған қарсы шығып, Розарио Ванкуверді емес, Сан-Хуан аралдарын басқа аралдардан бөліп тұрғанын және Харо бұғазы кеңірек әрі түзу екенін айтты.

Оның ойынша, бұл талаптарға тек Розарио бұғазы сай келді. Кэмпбелл бұған қарсы шығып, Розарио Ванкуверді емес, Сан-Хуан аралдарын басқа аралдардан бөліп тұрғанын және Харо бұғазы кеңірек әрі түзу екенін айтты.

Тараптар ортақ шешімге келе алмады. 1856–1857 жылдардағы комиссия жұмысы нәтижесіз аяқталып, мәселе екі ел үкіметтерінің қарауына берілді. Осылайша су шекарасы нақты белгіленбей қалды.

Даулы жағдайда АҚШ та, Ұлыбритания да Сан-Хуан аралдарына өз егемендігін жариялады. Британдық Гудзон шығанағы компаниясы Сан-Хуан аралында қой шаруашылығын ұйымдастырды. Ал 1859 жылдың ортасына қарай аралға 25–29 америкалық қоныстанушы келіп орналасты.

Соғыс

1859 жылғы 15 маусымда америкалық фермер Лайман Катлер өз картоп бақшасында қара түсті ірі шошқаның жер қазып, өнімін жеп жатқанын байқайды. Мұндай жағдай бірнеше рет қайталанғандықтан, ашуға булыққан Катлер шошқаны атып өлтіреді.

Кейін анықталғандай, шошқа Гудзон шығанағы компаниясының қой фермасын басқарған ирландиялық Чарльз Гриффинге тиесілі болған. Катлер өтемақы ретінде 10 доллар ұсынды, бірақ Гриффин 100 доллар талап етті. Катлер бұдан бас тартып, шошқа оның жеріне заңсыз кіргенін айтты.

Британ билігі Катлерді тұтқындаймыз деп қорқытқанда, ол АҚШ билігінен әскери қорғау сұрады.

Орегон әскери округінің қолбасшысы, бригадалық генерал Уильям Харни Сан-Хуан аралына капитан Джордж Пикетт басқарған 66 сарбазды жіберіп, британдықтардың аралға түсуіне жол бермеуді бұйырды.

Бұған жауап ретінде британдықтар капитан Джеффри Хорнби басқарған үш әскери кемені жөнелтті. Пикетт жасағы биік жерге орналасып, қорғаныс бекінісін сала бастады.

Күштер біртіндеп артты. 1859 жылғы 10 тамызға қарай полковник Сайлас Кейси басқарған 461 америкалық сарбаз және 14 зеңбірек бес британдық әскери кемедегі 2140 адам мен 167 зеңбірекке қарсы тұрды.

Ванкувер колониясының губернаторы Джеймс Дуглас контр-адмирал Роберт Бэйнске аралға теңіз жаяу әскерін түсіріп, америкалықтарды қуып шығуды бұйырды. Алайда Бэйнс екі ұлы державаның бір шошқа үшін соғыс бастауы ақылсыздық болатынын айтып, бұйрықты орындаудан бас тартты.

Екі тараптың әскери бөлімшелері бір-бірін арандатуға тырысқанымен, оларға қорғаныс ұстанып, ешқашан бірінші болып оқ атпау жөнінде бұйрық берілген еді. Нәтижесінде бірде-бір оқ атылған жоқ.

Соғыстың аяқталуы

Дағдарыс туралы хабар Вашингтон мен Лондонға жеткенде, екі ел басшылығы жағдайдың қауіпті екенін түсінді.

1859 жылдың қыркүйегінде АҚШ президенті Джеймс Бьюкенен генерал Винфилд Скотты келіссөз жүргізуге жіберді. Қазан айында Скотт Сан-Хуан аралына келіп, губернатор Джеймс Дугласпен келіссөз бастады.

Нәтижесінде тараптар Сан-Хуан аралын түпкілікті шешім қабылданғанға дейін бірлесіп иеленуге келісті. Сонымен бірге әр жақтың гарнизоны 100 адамнан аспауға тиіс болды.

Көп ұзамай АҚШ-та басталған азаматтық соғыс салдарынан бұл бірлескен оккупация 12 жылға созылды.

1871 жылы Ұлыбритания мен АҚШ қол қойып, Сан-Хуан бұғазы мәселесін халықаралық төрелікке берді. Төреші ретінде герман кайзері Вильгельм І таңдалды.

Женевада жұмыс істеген үш адамнан тұратын төрелік комиссия 1872 жылғы 21 қазанда шешімді АҚШ пайдасына шығарды. Шекара Харо бұғазы арқылы өтетін болды.

1872 жылғы 25 қарашада британдық теңіз жаяу әскері аралдан кетті, ал америкалық әскерлер 1874 жылдың шілдесінде шығарылды.

Салдары

Орегон келісімінің нәтижелеріне бұрыннан наразы болған канадалық қоғам Ұлыбританияның тағы да Канада мүдделерін елемегеніне ашуланды. Бұл жағдай Канаданың сыртқы саясат мәселелерінде көбірек дербестікке ұмтылуына ықпал етті.

Дереккөздер

Санат:Қақтығыстар Санат:Аумақтық даулар