Smartling — штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан бұлттық аударма технологиялары мен тілдік қызметтер көрсететін компания. Компания аударма үдерісін автоматтандыруға және көптілді цифрлық контентті басқаруға арналған шешімдерді ұсынады. Smartling компаниясы 2009 жылы Джек Уэлд пен Андрей Аксельродтың бастамасымен құрылған. Құрылғаннан кейін компания бірнеше инвестициялық қаржыландыру кезеңдерінен өтіп, өз қызметін кеңейтті. Кейіннен халықаралық нарықтағы орнын нығайту мақсатында аударма және локализация саласында жұмыс істейтін бірқатар компанияларды сатып алды. Олардың қатарында халықаралық кеңею үдерісіндегі ұйымдарға аударма қызметтерін көрсеткен VerbalizeIt және мобильді қосымшаларды локализациялаумен айналысқан Jargon компаниялары бар
Smartling цифрлық контентті шет тілдеріне автоматты түрде аударуға мүмкіндік береді. Клиенттердің веб-сайттары мен қосымшаларында пайда болған жаңа немесе жаңартылған мазмұн жүйе арқылы анықталып, аудармашыларға жіберіледі. Түпнұсқа мәтінде өзгерістер енгізілген жағдайда, платформаның көмегімен барлық тілдік нұсқалар автоматты түрде жаңартуға белгіленеді. Осылайша аударылған контент пайдаланушыларға клиенттік жүйелер арқылы жеткізіледі.Компания әлемнің ондаған елінде, соның ішінде Шығыс Еуропа мен Азия аймақтарында өз филиалдары мен қашықтан жұмыс істейтін мамандар желісін (флилансерлер, крауд-тестерлер) пайдаланады
Компания өз штатындағы мамандармен қатар әлемнің әртүрлі елдеріндегі мыңдаған аудармашылармен ынтымақтастық орнатады. Аударма үдерісі мәтінді аудару, сапасын тексеру, құқықтық сараптау және редакциялау кезеңдерінен тұрады. Smartling мәтіндік аудармамен қатар аудио және бейнематериалдарды да аударумен айналысады.
Компанияның негізгі қызметтері бұлттық технологияларға негізделген. Сонымен қатар Smartling мобильді қосымшаларды локализациялауға арналған арнайы платформаларды әзірлеген. Бұл шешімдер аудармалар мен жергілікті мазмұнды қосымшаның жаңа нұсқасын шығармай-ақ жаңартуға мүмкіндік береді.
Негізгі қызмет бағыттары: Локализация: Бағдарламалық жасақтаманы, веб-сайттарды және видеоойындарды аудару әрі мәдени бейімдеу. Жасанды интеллект: AI модельдерін оқытуға арналған көптілді деректерді жинау, транскрипция жасау және сараптау қызметтері. Тестілеу: Ойындарды, қосымшаларды және жүйелерді функционалдық тұрғыдан жан-жақты тексеру. Аударма қызметтері: Медицина, заң, қаржы және E-commerce салаларындағы құжаттар мен мазмұнды аудару.
Қазіргі уақытта Smartling аударма технологиялары мен локализация қызметтері саласындағы жетекші халықаралық компаниялардың бірі болып саналады.
Дереккөздер