Шамұқан Қалкенұлы Қалкенов (31 желтоқсан 1906, Қорғалжын болысы, Ақмола уезі, Ақмола облысы, Ресей империясы — 22 қаңтар 1983, Алматы, Қазақ КСР) — кеңестік шаруашылық, мемлекеттік және саяси қайраткер. КОКП мүшесі.
Өмірбаяны 1906 жылы Ақмола облысындағы Ақмола уезінің Қорғалжын болысында (қазіргі Қазақстан Ақмола облысының Қорғалжын ауданы) дүниеге келді.
1926 жылдан бастап шаруашылық, әлеуметтік және саяси жұмыстарға араласты. 1926-1983 жылдары Қарағанды облысында қызмет етіп, Қазақ КСР Қаржы халық комиссариатында Салық және алым бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы, Семей облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарағанды облыстық қаржы басқармасының басшысы, Қазақ КСР Госстрахында Бас басқармасының басшысы және Алматы халық шаруашылығы институтында доцент қызметтерін атқарды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2, 3, 4 және 5-шақырылымдары депутаты болып сайланды.
1983 жылы 22 қаңтарда Алматыда қайтыс болып, қаланың Орталық зиратына жерленді.
Дереккөздер
Сілтемелер Ашимбаев Д.Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. — Алматы, 2008.
Санат:Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Семей облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары Санат:КОКП XXI съезінің делегаттары Санат:Алматы жоғары партия мектебінің түлектері