2028 жылғы футзалдан FIFA Әлем чемпионаты (ағылш. 2028 FIFA Futsal World Cup) — футзалдан халықаралық ерлер құрамалары арасында төрт жыл сайын өткізілетін FIFA Әлем чемпионатының он бірінші шығарылымы. Турнир 2028 жылдың 7-29 қазан аралығында өтеді. Турнирге 24 құрама қатысады (6 конфедерациядан).

Тарихы

Өткізу орны 2028 жылғы турнирдің иесі әлі ресми түрде анықталған жоқ. FIFA 2025 жылы өтінімдерді қабылдауды бастады. Бірнеше елдер мен бірлескен өтінімдер қызығушылық танытты:

Марокко, Индонезия, Кувейт, Жапония және т.б. елдер өтінім берген. Бельгия, Нидерланды және Германия бірлескен өтінім жасаған. АҚШ пен Мексика да бірлескен өтінімді қарастырған.

Іріктеу кезеңі КонфедерацияҚатысатын командаларІріктеу турниріUEFA (Еуропа)72028 Әлем чемпионаты іріктеуі (UEFA)AFC (Азия)42028 Азия кубогыCONMEBOL (Оңт. Америка)42028 Копа АмерикаCONCACAF42028 CONCACAF чемпионатыCAF (Африка)32028 Африка ұлттар кубогыOFC (Океания)12027 Океания ұлттар кубогы

Турнир форматы

24 команда 6 топқа бөлінеді (әр топта 4 команда). Топтан шығу, плей-офф кезеңі (1/8 финал, ширек финал, жарты финал, финал). Барлығы 52 матч өтеді.

Қызықты фактілер

2024 жылғы чемпионат Өзбекстанда өтті. 2028 жылғы турнир — футзалдың дамуына арналған маңызды оқиға болады деп күтілуде. FIFA серіктестері: Adidas, Coca-Cola, Aramco және басқалар.

УЕФА іріктеуі UEFA-дан 7 құрама (немесе иесі болса — 6) финалдық турнирге шығады. Іріктеу кезеңдері келесідей:

Алдын ала раунд жеребесі: 2025 жылғы 12 желтоқсан Алдын ала раунд: 2026 жылғы 7–14 сәуір Негізгі раунд топтық кезеңінің жеребесі: 2026 жылғы 19 маусым Негізгі раунд топтық кезеңі: 2026 жылғы 12–21 қазан, 2–11 қараша, 6–9 желтоқсан; 2027 жылғы 22 ақпан – 3 наурыз Негізгі раунд плей-офф жеребесі: 2027 жылғы 5 наурыз Негізгі раунд плей-оффы: 2027 жылғы 12–21 сәуір Элиталық раунд топтық кезеңінің жеребесі: 2027 жылғы 20 мамыр Элиталық раунд топтық кезеңі: 2027 жылғы 6–15 қыркүйек, 11–20 қазан, 13–22 желтоқсан Элиталық раунд плей-офф жеребесі: 2028 жылғы 20 қаңтар Элиталық раунд плей-оффы: 2028 жылғы 10–19 сәуір

Негізгі раунд (36 команда) 12 топқа (әрқайсысында 3 команда) бөлінді. Үйде және сыртта ойындар форматы. 12 топ жеңімпазы + 4 үздік екінші орын иесі — элиталық раундқа. Қалған 8 екінші орын иесі — негізгі раунд плей-оффына. 1-топ Армения Венгрия Швеция2-топ Франция Молдова Черногория3-топ Хорватия Германия Литва4-топ Испания Финляндия Солтүстік Македония 5-топ Польша Босния және Герцеговина Солтүстік Ирландия6-топ Қазақстан Беларусь Албания7-топ Португалия Румыния Дания8-топ Нидерланд Сербия Андорра 9-топ Украина Словакия Эстония10-топ Италия Грузия Косово11-топ Словения Бельгия Норвегия12-топ Чехия Әзірбайжан Латвия

Элиталық раунд 20 команда 5 топқа (4 командадан) бөлінеді. Үйде және сыртта ойындар. 5 топ жеңімпазы + 4 үздік екінші орын иесі (иесі еуропалық болса — 2) плей-оффқа шығады.

Элиталық раунд плей-оффы 4 команда 2 жұпқа бөлінеді. Жеңімпаздары Әлем чемпионатына шығады.

Қазақстан 2026 жылғы 19 маусымда Ньон қаласындағы УЕФА штаб-пәтерінде 2028 жылғы футзалдан әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің негізгі кезеңіне жеребе тартылды. Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингіндегі орнына сәйкес Португалия, Испания, Украина, Франция, Италия Хорватия, Армения, Словения, Чехия, Польша и Нидерланд құрамалармен бірге бірінші себетке енді. Негізгі кезеңде 36 құрама 12 топқа бөлінді. Әр команда өз алаңында және сырт алаңда ойын өткізді. Топ жеңімпаздары мен үздік төрт екінші орын иегері элиталық кезеңге жолдама алды, қалған сегіз екінші орын алған құрама плей-офф кезеңінде бақ сынады.

Санат:Футзалдан әлем чемпионаты Санат:2028 жылғы спорт