«Мың бала» ұлттық олимпиадасы – Қазақстан Республикасында жыл сайын өткізілетін, ауылдық жалпы білім беретін мектептердің 6-сынып оқушыларының дарындылығын анықтауға, қолдауға және дамытуға бағытталған ұлттық олимпиада. Олимпиада жеңімпаздары дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқуын жалғастыру мүмкіндігіне ие болады.

Тарихы «Мың бала» олимпиадасы 2020 жылдан бері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес өткізіліп келеді және республикалық олимпиадалар мен конкурстардың тізбесіне енгізілген.

Мақсаты – Қазақстан Республикасының ауыл мектептері оқушыларының дарындары мен қабілеттерін дамытуға және қолдауға жағдай жасау. Міндеті – ауыл мектептері оқушыларының теориялық білімдерін тереңдету және тәжірибелік дағдыларын жетілдіру.

«El Umiti» корпоративтік қоры Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп олимпиаданың негізгі ұйымдастырушысы әрі операторы болып табылады. Олимпиаданы іске асыруға өңірлік «Дарын» орталықтары да қатысып, жергілікті жерлерде ұйымдастырушылық және үйлестіру жұмыстарын қамтамасыз етеді. Қор қатысушыларды тіркеуді, тестілеуді өткізуді, нәтижелерді мониторингтеуді және білім беру платформасының жұмысын сүйемелдеуді жүзеге асырады.

Өткізу үдерісі «Мың бала» олимпиадасы Қазақстанның барлық ауыл мектептерінде өткізіледі. Олимпиадаға ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиадаға қатысу тегін.

Олимпиада екі негізгі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар логикалық және кеңістіктік ойлауға арналған тапсырмалардан тұратын онлайн тестілеуден өтеді. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 5000 финалист іріктеліп, олар екінші кезеңдегі офлайн тестілеуге қатысады.

«Мың бала» ұлттық олимпиадасы ауылдық жерлердегі 6-сыныптың ең қабілетті 1000 оқушысын анықтауға және оларға еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мамандандырылған мектептерінде, соның ішінде Республикалық физика-математика мектебінде, сондай-ақ «Білім-инновация» және «Дарын» лицейлерінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен квоталарға сәйкес оқуын жалғастыру мүмкіндігін беруге бағытталған. Бұл тәртіп Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 1 наурыздағы №53 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Дереккөздер

Сілтемелер Ресми сайт

Санат:Білім беру