Серік Әкірамұлы Қалиев (1972 жылы туған) — Ақын, айтыскер, редактор, сазгер, өнертану ғылымының магистрі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы.

Өмірбаяны Серік Әкірамұлы 1972 жылы Абай облысының (бұрынғы Семей облысы) Ақсуат ауданында дүниеге келген. Қарғыба ауылындағы Юрий Гагарин атындағы орта мектепте білім алған. Алматы қаласындағы №2 қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын республикалық мектеп-интернатының түлегі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін, аспирантурасын бітірген. Өнертану ғылымының магистрі.

Еңбек жолы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Студенттер клубының директоры, ҰҚК Әскери институтының мемлекеттік тіл бөлімінің жетекші маманы, Қазақ радиосында бөлім бастығы, «Атамұра» корпорациясында аға редактор, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті баспасының директоры қызметтерін атқарған.

2018–2022 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Айтыс өнері» мамандығы бойынша дәріс берген. 2018 жылдан бері Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының атқарушы директоры.

Шығармашылығы Серік Қалиев – поэзия, әдебиеттану және балалар әдебиеті саласында еңбек етіп келе жатқан қаламгер, белгілі айтыскер ақын. Ол көптеген танымал әндер мен термелердің сөзін жазған. Ақынның өлеңдері орыс, түрік, саха және қырғыз тілдеріне аударылған.

Негізгі кітаптары Көзайым (2007). Уақыт керуені (2012). Жасынның оты. – Алматы: «Атамұра», 2022. – 135 б. – ISBN 978-601-06-8079-1. Арман қанатындағы жазулар. – Алматы: «Дәуір», 2022. – 223 б. – ISBN 978-601-217-795-4. Ұқыпты бала. – Алматы: «Атамұра», 2023. – ISBN 978-601-10-0268-4. Асу (2024). Жүрөгүмдүн жыпары. – Алматы: «Атамұра», 2025. – 76 б. – ISBN 978-601-10-0648-4.

Құрастырған кітаптары Жыр бесігі – Тарбағатай (2020). Жамбылдың өрендері (2020). Балалар поэзиясының антологиясы (2021). Балалар әңгімелерінің антологиясы. – Алматы: «Атамұра», 2022. – ISBN 978-601-10-0023-9. Ақ бата. – Алматы: «Атамұра», 2023. – ISBN 978-601-10-0268-4.

Марапаттары 2010 жылы Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған. 2020 жылы «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.... Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы. 2023 жылғы Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегері. 2025 жылы Қырғыз Республикасының «Мәдениеттің үздік қызметкері» төсбелгісімен марапатталған. 2026 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер https://jasqazaq.kz/segiz-khyrly-sal-seri-serik/ https://adebiportal.kz/kz/news/view/serik-akiramuly-olenge-ainaldyrdym-soz-qunaryn__10000944 https://tilmedia.kz/kk/post/653 https://bilim-all.kz/tag/olen?tag=%D0%A1%D0%B5%D1%80%D1%96%D0%BA+%D3%98%D0%BA%D1%96%D1%80%D0%B0%D0%BC%D2%B1%D0%BB%D1%8B+%D3%A9%D0%BB%D0%B5%D2%A3%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96

Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан сазгерлері