Құрманбек Әмірбекұлы Әмірбеков (29 ақпан 1948, Өрнек ауылы, Жамбыл ауданы, Жамбыл облысы) — қазақстандық су шаруашылығы саласының маманы, педагог, қоғам қайраткері. Су шаруашылығы және гидромелиорация саласында ұзақ жылдар еңбек еткен. Түлкібас ауданының Құрметті азаматы, "Асыл ардагер" медалінің иегері.

Өмірбаяны Құрманбек Әмірбеков Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сиқым руынан шыққан.

Орта мектепті тәмамдағаннан кейін Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтында білім алды. 1974 жылы оқуын жалғастыру мақсатында К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясына жолдамамен түсіп, су шаруашылығын механикаландыру мамандығы бойынша инженер-педагог біліктілігін алды.

Студенттік жылдары Павлодар облысындағы Ертіс–Қарағанды каналының құрылысында өндірістік тәжірибеден өтіп, ірі гидротехникалық құрылыс нысандарының салынуына қатысты. Бұл тәжірибе оның кейінгі кәсіби қызметінде маңызды орын алды. Сонымен қатар 1970 жылы Іле өзені бойындағы бөгет пен гидротурбина құрылысына қатысқан.

Еңбек жолын Түлкібас ауданындағы Ванновка гидромелиорация техникумында оқытушы болып бастады. Кейін «Гидромелиорация» бөлімінің меңгерушісі және директордың оқу-өндірістік практика жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. Осы кезеңде оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жаңа зертханалар ашуға, сумен жабдықтау жүйесін жетілдіруге және студенттердің өндірістік тәжірибесін дамытуға үлес қосты.

1994–1996 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Түлкібас филиалында басшылық қызмет атқарып, техникалық мамандықтардың оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысты.

Сонымен қатар білім беру жүйесін дамытуға, ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және жастар тәрбиесіне бағытталған қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысты. Майлыкент орта мектебінің салынуына бастамашы болып, оның жүзеге асуына үлес қосты.

thumb|Құрманбек Әмірбеков пен Шәмші Қалдаяқов

Құрманбек Әмірбеков ғылым, мәдениет және қоғам қайраткерлерімен тығыз байланыста болды. Ол композитор Шәмші Қалдаяқовпен және әнші Әлібек Дінішевпен араласқан. Сондай-ақ қоғам қайраткері Қабыл Әблязовпен, медицина ғылымдарының докторы Асхан Смайловпен, актер Тұңғышбай Жаманқұловпен, әдебиеттанушы Мекемтас Мырзахметұлымен, Түркияның бұрынғы мәдениет министрі Намық Кемал Зейбекпен, филология ғылымдарының докторы Болат Байтанаевпен және химия ғылымдарының докторы Бәкен Жаңабаевпен шығармашылық әрі кәсіби байланыста болды. Сонымен қатар Бауыржан Момышұлының әулетімен сыйластық қарым-қатынаста болған.

Марапаттары Түлкібас ауданының «Құрметті азаматы» атағы; Бірнеше мәрте Түлкібас ауданының мәслихатының Құрмет Грамоталары; 1980 жылы Министр Тыныбаев Абубакир Алиевичтің атынан Қазақ ССР Су шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасы (Алматы қаласы); 1984 жылы КСРО Су шаруашылығы министрлігі, Мәскеу қаласы №547-к бұйрығымен Министр Васильев Николай Федоровичтің Құрмет грамотасы; Түлкібас ауданының әкімінің бірнеше Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары; Майлыкент ауыл округі әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары; ҚР Тәуелсіздігіне 25 жылдығына орай "Ардақты ардагерлер мен билер" атты автобиографиялық энциклопедияның енуі (222 бет); Түлкібас ауданының 90 жылдығына орай автобиографиялық энциклопедиялық кітабына енуі (509 бет); Майлыкент ауыл округінің айтулы азаматтары тізіміне енуі; "Тұлға тағылымы 100 есім" кітабына енген (53 бет); "Асыл ардагер ұстаз" медалі;

Әдебиет Қазақстанның Алтын кітабы. Алматы, 2025. 463–468 беттер. Әмірбеков Қ.Ә. Өткен күндерде белгі бар. – Түлкібас ауданы. – Шамшырақ баспасы, 2021. – 2 б, 252 бет.

Дереккөздер

Санат:Педагогтар Санат:Қазақ КСР қоғам қайраткерлері