«Көкжалдар мекені: Ирак» () — 2006 жылы жарыққа шыққан, режиссёр Сердар Акардың америкалық әскерилерден кек алу үшін Иракқа аттанған түрік арнайы жасақтары туралы түсірген көркем фильмі.Kurtlar Vadisi Irak (2006) – Pana Film Resmi Web Sitesi. Arxivтелген 2006.
Фильмнің әлемдік премьерасы 2006 жылдың 31 қаңтарында өтті. Туынды нақты тарихи оқиғаға негізделген: 2003 жылдың 4 шілдесінде АҚШ қарулы күштерінің бөлімшесі Ирак аумағындағы бар-жоғы 11 адамнан тұратын құпия түрік әскери базасына басып кірген болатын.The "Hood Event" (Çuval Olayı) between US and Turkish military in Iraq. BBC News, 2003.Kurtlar Vadisi Irak gişe rekorları kırıyor. Hürriyet Gazetesi, 2006.
Сюжеті Фильм шынайы оқиғаларға негізделген. 4 шілдеде американдық әскерлердің бөлімшесі Ирактың солтүстігіндегі құпия түрік базасына басып кіреді. Түрік сарбаздары бұл әрекетті одақтастардың достық ниеттегі келісі деп ойлағанымен, жағдай мүлдем басқаша өрбиді. Аймақта өз үстемдігін орнатқысы келген американдықтар сол күні 11 түрік солдатының басына қап кигізіп, жергілікті тұрғындардың көзінше олардың ар-намысы мен абыройын аяққа басып, депортациялайды.Kurtlar Vadisi Irak sinema eleştirisi ve Çuval Olayı. Sabah Gazetesi, 2006.
Түрік бөлімшесінің басшысы, лейтенант Сүлейман Аслан бұл қорлыққа шыдай алмай, өз-өзіне қол жұмсайды. Ол өлім алдындағы хатында өзінің ескі досы, түрік барлау қызметінің тәжірибелі агенті Полат Алемдарға аманат қалдырады. Досының соңғы өсиетін орындауды парыз санаған Полат оның абыройын төгіп, өлімге итермелеген адамдарды табу үшін Солтүстік Иракқа аттанады.Kurtlar Vadisi Irak bütçe ve hasılat analizi. Milliyet Ekonomi, 2006. Ол жерге жеткенде, жаңа американдық биліктің есептерінде айтылатын жағдай мен аймақтағы шынайы көріністің мүлдем бөлек екенін көріп, қатты таңғалады.
Сүлейманның қорлық көруіне және аймақтағы басқа да көптеген адамзатқа қарсы қылмыстарға басты кінәлі — американдық арнайы бөлімшелердің қолбасшысы Сэм Уильям Маршалл болып шығады.Turkish film "Valley of the Wolves: Iraq" triggers political debate. Deutsche Welle, 2006. Ирак топырағында Полаттың жолы Маршаллдың кезекті құрбандарының бірі — Лейла есімді жас қызбен түйіседі. Әділдік пен кек іздеген олар өз мақсаттарына жету үшін соңына дейін баруға дайын.Valley of the Wolves: Iraq (2006) – Box Office and Cast Information. IMDb ID 0493264.
Рөлдерде Актер Рөлі Неджати Шашмаз Полат Алемдар Гюркан Уйгун Мемати Баш Кенан Чобан Абдулхей Чобан Эрхан Уфак Гюллю Эрхан Бергюзар Корель Лейла Билли Зейн Сэм Уильям Маршалл Диего Серрано Данте, Сэмнің көмекшісі Гэри Бьюзи дәрігер, ағза саудагері Спенсер Гаррет Джордж Балтимор, журналист Тито Ортис американдық командир
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Түрік тіліндегі фильмдер Санат:Түркия атыс-шабыс фильмдері Санат:2006 жылғы фильмдер