Мехико алқабы (испанша: El Valle de México; науатльше: Анахуак, Су ортасындағы жер), немесе кейде Мехико бассейні, Орталық Мексика үстіртінде орналасқан үлкен табиғи алқап. Таулар мен вулкандар қоршауындағы бұл алқап Колумбқа дейінгі Теотикуакан, Толтэк және Ацтек империясы секілді өркениеттердің орталығы болған. Қазіргі уақытта аумағын толықтай Мексиканың астанасы - Мехико қаласы алып жатыр.
Ағымсыз аймақ болуына байланысты Мехико алқабында өзара байланысқан таяз Зумпанго көлі, Ксальтокан көлі, Чокимилько көлі, Чалько көлі және араларындағы ең ірісі Текскоко көлдері орналасқан. Барлығын қосқанда көлдер алқаптың жалпы аумағы 1,500 шаршы метр аумағын қамтиды. Испандардың Мехико алқабына алғаш 1519 жылы келген кезде бұл аумақ әлемдегі ең тығыз қоныстанған мекендердің бірі болған. Ацтек империясын жаулап алғаннан кейін испандар осы аумақтағы ең ірі болған Теночтитлан қаласын қайта көтеріп, оған Ciudad de México (Мехико қаласы) атауын берді. Уақыт өте келе су тасқынын бақылау мақсатында алқаптағы көлдерді құрғатып бастады. XX ғасырда көлдер толықтай суын жоғалтып, нәтижесінде Мехико қаласы сол аумақтарды толықтай қамтып кетті.
Мехико алқабы Трансмексикалық вулкан белдеуінде орналасқан. Алқап Мехико қаласы метрополь аумағын толықтай, сонымен қатар Мехико, Идальго, Тлакьскала мен Пуебло штаттарын қамтиды. Мехико алқабын 4 негізгі алапқа бөлуге болады. Солардың ішіндегі ең үлкені және ең зерттелгені болып Мехико қаласын қамтитын аумағы есептеледі. Алқаптың ең үлкен бөлігін ауызекі тілде "Мехико алқабы" деп атайды. Алқаптың минималды биікті теңіз деңгейінен 2,200 метрде болса, оны қоршап тұрған таулар мен вулкандар биіктігі 5,000 метрден асады. Бұл тұйық алқап, яғни теңізге ешқандай су көзі ағып шықпайды. Сонымен қатар солтүстігіне қарай биік таулардың орнына үстірт орналасқан.Noted in passing by Christian Lévêque, Biodiversity Dynamics and Conservation: The Freshwater Fish of Tropical Africa, 1997 "Introduction" p. xi. ХХ ғасыр соңына қарай алқап аумағындағы су айдындарындағы эндемик балықтар толықтай жойылып кеткен. Гидрологиялық тұрғыдан алқаптың үш негізгі ерекшелігі бар. Алқаптың ең оңтүстік бөлігінде толықтай құрғап кеткен көлдердің табаны орналасқан. Қалған екі ерекшелігі маңайдағы жауын-шашынды ұстап қалатын алқапты қоршай орналасқан таулар мен биіктіктердің болуы. Қазіргі уақытта алқапқа жиналатын су қолдан жасалған арналар арқылы Тула өзені құйып, одан ары қарай Паруко өзеніне құяды да, Мексика шығанағына ағып шығады. Алқап сейсмикалық белсенді аумақта орналасқан және жер сілкіністері болу жиілігі жоғары.
Дереккөздер
Санат:Мексика географиясы