Шайзада Рысқұлқызы Сыздықова (6 мамыр 1946 жылы дүниеге келген, педагог, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, қалалық Аналар кеңесінің төрайымы, «Балқаш сазы» ардагерлер хорының жетекшісі. Шайзада Рысқұлқызы Сыздықова - 1946 жылы 6 мамырда Қарағанды облысы, Балқаш қаласында, дүниеге келген. Оқу-тәрбие үрдісіне этнопедагогика бойынша республикалық «Елім-ай» бағдарламасын даярлық сыныбынан бастап 10-шы сыныпқа дейін енгізді, яғни, мектеп білім беру саласындағы осы педагогикалық тәжірибенің алғашқы қатысушысы болған.Қаланың қоғамдық өміріне әрқашан белсене араласа жүріп екі рет депутат болып сайланған, сонымен қатар облыстық, қалалық білім бөлімдерінің кәсіподақ комитетінің мүшесі, Абай атындағы №2 орта мектептің партиялық ұйымын басқарды. 2015 жылдан бастап «Балқаш сазы» ардагерлер хорының жетекшісі болды. 45 жыл өмірін білім беру саласына арнаған.

Өмірінің елеулі кезеңдері 1946-жыл, 6-мамыр.Сыздықова Шайзада Рысқұлқызы Қарағанды облысы,Балқаш қаласында дүниеге келді. 1965 жылы Саран педагогикалық училищесін аяқтады. 1973 жыл.Қазақ Мемлекеттік Университетінің география пәні мұғалімі мамандығы бойынша оқуын аяқтады. 1980-1993 жылдары Абай атындағы №2 орта мектептің директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 1993 жылы №8 орта мектептің директоры лауазымына тағайындалды. 1967-1970 жылдары Ұлттық театрдың жұмысына белсене қатысты. 1967-1980 жылдары мектеп хорының жетекшісі болды. 1989 жылы Балқаш қаласында алғаш тойланған Наурыз мейрамын жүргізді. 2015 жылдың қазан айында Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің ІІ съезіне қатысты.

==Марапаттары== 1987 ж. – «Аға оқытушы» атағына ие болды. 1990 ж. – «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. 1994 ж. – «Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі» төсбелгісімен марапатталды. 2015 -2016 жылдары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғысымен Үлкен халықаралық энциклопедияның алтын медальдарымен марапатталған. 2022 жылы «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.https://balkhashlib.kz/kk/09.

Дереккөздер