«Киевті қорғағаны үшін» медалі () — КСРО мемлекеттік марапаты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1961 жылғы 21 маусымдағы Жарлығымен құрылған. Медаль жоспарының авторы — суретші В. Н. Атлантов.
Алғышарты Ұлы Отан соғысы кезінде, 1944 жылы 25 наурызда Украина КСР халық комиссарлары кеңесінің төрағасы қызметін атқарған Н. С. Хрущев КСРО Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы И. В. Сталинге «Украинаны азат еткені үшін» медалін тағайындауды ұсынды. Алайда, Н. С. Хрущевтің бұл бастамасы қабылданбады. Н. С. Хрущев «украиналық» медал тағайындау идеясын 1961 жылы КОКП ОК бірінші хатшысы қызметінде болған кезінде «Киевті қорғағаны үшін» медалі түрінде жүзеге асырды.
Медал жайлы ереже «Киевті қорғағаны үшін» медалімен Киевті қорғауға қатысушылардың барлығы — Қызыл Әскер мен ІІХК әскерлерінің әскери қызметкерлері, сондай-ақ Киевті қорғауға халық жасағы қатарында, қорғаныс бекіністерін салуда, майдан қажетіне қызмет көрсеткен фабрикалар мен зауыттарда жұмыс істеген барлық еңбекшілер, Киев астыртын ұйымының қатысушылары және Киев маңында жаумен шайқасқан партизандар марапатталды. Киевті қорғау кезеңі 1941 жылдың шілде—қыркүйек айлары болып саналады.
«Киевті қорғағаны үшін» медалі кеуденің сол жағына тағылып, КСРО-ның басқа медалдері болған жағдайда «Сталинградты қорғағаны үшін» медалінен кейін орналасады.
1995 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Киевті қорғағаны үшін» медалімен шамамен 107 540 адам марапатталған.
Медалдің сипаттамасы «Киевті қорғағаны үшін» медалі жезден жасалып, диаметрі 32 мм болатын дұрыс шеңбер пішініне ие.
Медалдің алдыңғы жағында желбіреген туы бар Украина КСР Жоғарғы Кеңесі ғимаратының сұлбасы бейнеленген. Ғимараттың аясында мылтықтарын иықтарына асынған сарбаздың, матростың, жұмысшының және партизан әйелдің бейнелері орналасқан.
Медалдің жоғарғы бөлігінде шеңбер бойымен «КИЕВТІ ҚОРҒАҒАНЫ ҮШІН» () деген жазу жазылған.
Төменгі бөлігінде шеңбер бойымен — алқагүл орналасқан, бұтақтардың төменгі ұштарында — бесбұрышты жұлдызшасы бар таспа орналасқан. Медалдің алдыңғы жағы шығыңқы ернеумен жиектелген.
Медалдің артқы жағында «БІЗДІҢ КЕҢЕСТІК ОТАНЫМЫЗ ҮШІН» () деген жазу жазылған. Жазудың үстінде орақ пен балғаның бейнесі суреттелген.
Медалдегі барлық жазулар мен бейнелер шығыңқы етіп жасалған.
Медал құлақша мен шығыршық арқылы ені 24 мм зәйтүн түсті жібек қатқыл таспасымен тысталған бесбұрышты тағанға жалғанады. Таспаның ортасында екі бойлық жолақ бар: ені 4 мм қызыл және ені 2 мм көгілдір жолақ.
Суреттеме
Әдебиет
Учасники оборони Києва відзначаються нагородою // В. Дорошенко / Ленінець. — 1962 (5 травня). — № 53 (3765). — С. 4.
Ссылки «Киевті қорғағаны үшін» медалі. КСРО медалдары мен ордендері
Санат:КСРО медалдары