«Мәскеуді қорғағаны үшін» медалі () — КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1944 жылғы 1 мамырдағы «Мәскеуді қорғағаны үшін» медалін тағайындау туралы Жарлығымен тағайындалды. Медал суретінің авторы — суретші Н. И. Москалев.
Медал жайлы ереже «Мәскеуді қорғағаны үшін» медалімен Мәскеуді қорғауға қатысушылардың барлығы марапатталды:
1941 жылдың 19 қазанынан 1942 жылдың 25 қаңтарына дейінгі кезеңде Мәскеуді қорғауға кемінде бір ай қатысқан Қызыл Әскер мен ІІХК әскерлерінің барлық әскери қызметкерлері мен жалданбалылар құрамы; 1941 жылдың 19 қазанынан 1942 жылдың 25 қаңтарына дейінгі кезеңде Мәскеуді қорғауға кемінде бір ай тікелей қатысқан азаматтық тұрғындар; 1941 жылдың 22 шілдесінен 1942 жылдың 25 қаңтарына дейін қарсыластың әуе шабуылдарынан Мәскеуді қорғауға аса белсенді қатысқан Мәскеу аймағының ӘШҚ және ЖӘШҚ бөлімдерінің әскери қызметкерлері, сондай-ақ азаматтық тұрғындар; Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысының қорғаныс шептері мен құрылыстарын, Резервтік майданның қорғаныс шебін, Можайск, Подольск шептері мен Мәскеу қорғаныс белдеуін салуға белсенді қатысқан әскери қызметкерлер мен азаматтық тұрғындар; Мәскеу облысының партизандары және Батыр-қала Туланы қорғауға белсенді қатысушылар.
«Мәскеуді қорғағаны үшін» медалі кеуденің сол жағына тағылып, КСРО-ның басқа медалдері болған жағдайда «Ленинградты қорғағаны үшін» медалінен кейін орналасады.
«Мәскеуді қорғағаны үшін» медалін алғашқы табыстау 1944 жылы 20 шілдеде өтті. Ол И. В. Сталинге № 000001 куәлігімен бірге табысталды.
1995 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Мәскеуді қорғағаны үшін» медалімен шамамен 1 028 600 адам марапатталған.
Сипаттамасы «Мәскеуді қорғағаны үшін» медалі жезден жасалып, диаметрі 32 мм болатын дұрыс шеңбер пішініне ие.
Медалдің алдыңғы жағында Кіреміл қабырғасы бейнеленген. Кіреміл қабырғасының аясында үстінде жауынгерлер тобы отырған Т-34 танкі суреттелген. Медалдің сол жағында Минин мен Пожарский ескерткішінің, ал оң жағында мұнараның бейнесі көрсетілген.
Кіреміл қабырғасының үстінде жалауы бар Үкімет ғимаратының күмбезі көрінеді, жалауда — орақ пен балға бейнеленген. Күмбездің үстінде ұшақтардың сұлбалары орналасқан. Медалдің жоғарғы бөлігінде шеңбер бойымен «МӘСКЕУДІ ҚОРҒАҒАНЫ ҮШІН» () деген жазу жазылған. Медалдің төменгі бөлігінде шеңбер бойымен алқагүл орналасқан, бұтақтардың төменгі ұштарында бесбұрышты жұлдызша бар. Медалдің алдыңғы жағы ернеумен жиектелген.
Медалдің артқы жағында «БІЗДІҢ КЕҢЕСТІК ОТАНЫМЫЗ ҮШІН» () деген жазу жазылған. Жазудың үстінде орақ пен балғаның бейнесі орналасқан.
Медалдегі барлық жазулар мен бейнелер шығыңқы етіп жасалған.
Медал құлақша мен шығыршық арқылы ені 24 мм жібек қатқыл таспасымен тысталған бесбұрышты тағанға жалғанады. Таспада ені 5 мм-ден үш бойлық зәйтүн түсті жолақ және ені 4 мм-ден екі қызыл жолақ бар. Таспаның шеттері жіңішке қызыл жолақтармен жиектелген.
Филателия
Әдебиет
Сілтеме КСРО медалдары мен ордендері Онаградах.ru порталындағы «Мәскеуді қорғағаны үшін» медалі
Санат:КСРО медалдары