Долли Ребекка Партон (; 19 қаңтар 1946, Питмен-Сентер, Теннесси – 25 тамыз 2026, Нашвилл) — америкалық әнші, ән авторы және актриса. «Кантри патшайымы» делінген бұл әртіс — Грэммидің он бір мәрте және Эммидің үш мәрте иегері. Партон екі Оскар сыйлығына, алты Алтын глобусқа және бір Тони жүлдесіне ұсынылған болатын. Ол, оған қоса, «Долливуд» және «Долливуд Фаундэйшн» жобалары арқасында филантроп, әрі кәсіпкер ретінде де белгілі болды. 60 дерлік жыл бойы созылған мансабында ол 100 миллионан астам күйтабақ сатқан болатын.
Партон әсіресе «I Will Always Love You» (1973) және «Jolene» (1974) әндерімен танымал болатын.
Тұңғыш әнін алты жасында жазған Партон он жасына қарай телевизияда рөлдер сомдайтын болады да, 16 жасында кәсіби ән жазушысы атанады. Басқа әртістер үшін ән жазғанын қойып, 1967 жылы дебют-альбомын шығарады. Уақыт өте келе Партон 49 студиялық альбом және 3 000 ән авторы атанады. Мемлекеттік марапаттар қатарында Партонның Өнер саласындағы АҚШ ұлттық медалі және Кеннеди орталығының сыйлығы бар. Ол, оған қоса, Джин Хершолт атындағы гуманитарлық сыйлықтың лауреаты (2026) болған.
Ескертпелер
Дереккөздер
Санат:Эмми сыйлығының иегерлері Санат:Грэмми сыйлығының иегерлері Санат:АҚШ киноактерлері Санат:АҚШ гитарашылары Санат:АҚШ кантри-музыканттары * Санат:Кантри даңқ залының мүшелері Санат:Госпел даңқ залының мүшелері Санат:Grand Ole Opry мүшелері Санат:Monument Records орындаушылары Санат:АҚШ дыбыс жазу актрисалары Санат:Аудиокітап баяндаушылары Санат:Америкалық поп әншілер Санат:Decca Records орындаушылары Санат:Мюзиклдер сазгерлері Санат:Ән авторлары даңқ залының мүшелері Санат:Рок-н-ролл даңқ залына енген орындаушылар Санат:Джин Хершолт атындағы гуманитарлық сыйлық иегерлері Санат:Обырдан қайтыс болғандар