Қали Әбдіұлы Омаров (6 наурыз 1962 жылы туған, Қызылорда) — география ғылымдарының кандидаты (2002), доцент (2004). Қазақстан Жазушылар одағының (2019), Қазақстан Журналистер одағының мүшесі (2012). ҚР Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі (2013), Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі (2024).

Өмірбаяны 1962 жылғы 6 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1979 жылы Іңкәрдария кеңшарындағы №191 орта мектепті аяқтаған.

1988 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің география факультетін «Құрғақ жер гидрологиясы» мамандығы бойынша, ал 2010 жылы Қызылорда гуманитарлық университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы Еңбек жолын 1979–1980 жылдары Қызылорда облысы Тереңөзек ауданының (қазіргі Сырдария ауданы) Іңкәрдария кеңшарында шопан-жастар бригадасының жетекшісі болып бастаған. 1983–1985 жылдары — Қызылорда қаласындағы «ПМК–1601», «СУ ТЭЦ–6» құрылыс мекемелерінде және Іңкәрдария кеңшарында жұмысшы. 1988–1993 жылдары — Шымкент қаласындағы Бүкілодақтық күріш жүйелерін жобалау-іздестіру институтында (Союзгипрорис) және Қызылорда облыстық гидрометеорология орталығында инженер. 1993–2010 жылдары — Ы. Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтында, Қызылорда политехникалық институтында, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, академиялық профессор. 2003 жылдың сәуір–қараша айларында — Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқу-әдістемелік басқармасының өндірістік практика меңгерушісі. 2003–2008 жылдары — Ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау бөлімінің бастығы. 2008–2009 жылдары — «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының бірінші проректоры. 2009–2011 жылдары — Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімінің бастығы. 2011–2012, 2017–2018 жылдары — Ғылым департаментінің директоры. 2012–2014 жылдары — Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің бастығы. 2014–2017 жылдары — Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры. 2018–2019 жылдары — Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор міндетін атқарушы. 02.09.2019 ж.– 01.03.2020 ж.— «Арал өңірі экологиясы және су ресурстарының проблемалары» ғылыми-зерттеу институтының директоры. 02.03.2020ж. - 12.08.2020ж. — «Экология және ауыл шаруашылығы проблемалары» ғылыми-зерттеу институтының директоры. 13.08.2020 ж.-01.11.2020 ж. — Ғылым және технологияларды коммерцияландыру басқармасының басшысы. 2020–2022 жылдары — Ғылым департаментінің директоры. 01.09.2022 жылдан бастап — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бас редакторы.

Қоғамдық қызметі 2004–2019 жылдары — «Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Хабаршысы» ғылыми-әдістемелік журналының жауапты редакторы. 2021 жылдан бастап — Университеттің «Сыр түлегі» газетінің бас редакторы. 2021–2023 жылдары — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі Қызылорда облысы бойынша жұмысшы тобының мүшесі. 2025 жылдан бастап — «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары. 2026 жылдан бастап — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Ғылыми және шығармашылық еңбектері Ғалым-әдіскер 40-қа жуық ғылыми мақаланың, 2 монографияның (соавтор), 1 электронды оқулықтың, 14 оқу құралы мен оқу-әдістемелік еңбектің, 2 патенттің авторы.

Ғалым және публицист ретінде 11 кітаптың, 600-ден астам ғылыми, танымдық және публицистикалық мақалалардың авторы. Сонымен қатар 17 кітап пен ғылыми-танымдық басылымның құрастырушысы, 85 кітап пен ғылыми жинақтың редакторы болған.

«Сыр елі» энциклопедиясын (Алматы: «Тау–Қайнар», 2024) шығарушы жұмыс тобы басшысының орынбасары.СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024. ISBN 978-601-7059-54-5 3 томдық «Қазақстан тарихы» энциклопедиясының (Алматы: «Литера–М», 2019) авторларының бірі. «Қазақ көтерілістері» энциклопедиясының (Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014) авторы.https://kazneb.kz/ru/bookView/view?brId=1596257&simple=true#

Марапаттары Ерен еңбегі үшін медалі (2020)https://syrboyi.kz/janalyqtar/el/memlekettik-nagrada-alghandar-tizimi-53042/ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2017) «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2012) «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісі (2025) «Тұран» сыйлығы (21.05.2025) «Қазақстанның құрметті инженері» төсбелгісі (ҚР ҰИА, 2016) А. Байтұрсынов атындағы Алтын медаль (ҚР ЖОО Қауымдастығы, 2021) Қорқыт Ата атындағы Алтын медаль (2015)https://korkyt.edu.kz/staticpages/417

Дереккөздер Санат:1962 жылы туғандар Санат:Қызылордада туғандар Санат:География ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Санат:Қазақстан Журналистер одағының мүшелері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің иегерлері