Паломар обсерваториясы — АҚШ-тағы Калифорния технология институты қарамағында істейтін обсерватория.

1928 жылы америкалық астрофизик Джордж Эллери Хейл Рокфеллер орталығынан 200-дюймдік рефлекторды салуға грант алады. 1934 жылы бұл телескопты Паломар тауында орналастыру туралы шешім қабылданады. Екі жылдан кейін мұнда обсерватория күмбезі салына бастады. Алайда бұның құрылысы тек Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана аяқталды.

Сөйтіп Хейл телескобы 1949 жылдың қаңтарында іске қосылды. Ол өз заманының ең дәу телескобы болды (бұл рекорд 1975 жылға дейін тұрды). Оны бірінші болып пайдаланған адам Эдвин Хаббл болды.

1936 жылдан 1948 жылға дейін обсерваторияның жалғыз бақылау құралы болды: 18-дюймдік Шмидт камерасы. Бұның көмегімен Фриц Цвикки жүзден астам ғаламатжұлдызды ашты. Алғашқы телескоп тек 2006 жылы қолданыстан шықты.

1948 жылы 48-дюймдік Шмидт камерасы істей бастады. 1986 жылы оған демеуші Сэмюэл Ошиннің есімі берілді. Бұл телескоптың көмегімен Паломар аспан атласы (Palomar Observatory Sky Survey) жасалды. Сондай-ақ Эрида және Седна ергежейлі планеталары ашылды.

1970 жылдан бері обсерваторияда толық автоматты 60-дюймдік рефлектор істейді. Оның көмегімен, мысалы, алғашқы қоңыр ергежейлі ашылды.

1995 мен 2008 жылдары аралығында Паломарлық интерферометр жұмыс істеді.

Тағы қараңыз Обсерваториялар тізімі Дереккөздер

Санат:АҚШ астрономиялық обсерваториялары Санат:Калифорния технология институты