RIAA сертификаттауы — АҚШ аумағында дыбыс жазу туындыларының сатылым көлемін белгілі бір мәртебеге сәйкестігі үшін растайтын рәсім. Оны Америка дыбыс жазу индустриясының қауымдастығының (RIAA) жүзеге асырады.
Тарихы Бұл жүйе 1958 жылы дыбыс жазу туындыларының сатылым көлемін өлшеу әдістемелерін стандарттау әрекеті ретінде пайда болды.
Бастапқыда 500 000-нан астам данасы сатылған жазбаларға берілетін тек «Алтын марапат» (Gold Award) мәртебесі ғана болды. 1976 жылы платина мәртебесі пайда болды (1 000 000-нан астам данасы сатылғандарға). 1984 жылы мультиплатино мәртебесі (2 000 000-нан астам дана), ал 1999 жылы гауһар мәртебесі (10 000 000-нан астам дана) енгізілді. 1981 жылдан бастап бейнежазбалар да сертификаттала бастады.
Марапаттардың сыртқы түрі бұл уақыт ішінде бірнеше рет өзгерді. Марапаттың қазіргі дизайны 1985 жылдан бері қолданылып келеді.
Рәсім Сертификаттау автоматты түрде берілмейді. Оны алу үшін дыбыс жазу лейблы альбом немесе сингл сатылымының көлеміне аудит жасату мақсатында арнайы алым төлеуі тиіс.
Бағалау критерийлері кестеде келтірілген:
Конфигурация Алтын Платина Мультиплатина ГауһарСингл500 0001 000 0002 000 00010 000 000Shortform Album/EP500 0001 000 0002 000 00010 000 000Full-Length Album500 0001 000 0002 000 00010 000 000Multi-Disc Set500 0001 000 0002 000 00010 000 000Music Video Single25 00050 000100 000500 000Music Video Longform50 000100 000200 0001 000 000Multi-Box Music Video Set50 000100 000200 0001 000 000
Испан тіліндегі жазбалар үшін басқа критерийлер қолданыладыRIAA Launches Los Premios de Oro y De Platino to Recognize Top Latin Artists : 100 000 дана: Oro альбомы. 200 000 дана: Platino альбомы. 400 000 дана: Multi-Platino альбомы.
Дереккөздер
Санат:Дыбысжазба Санат:Америка дыбыс жазу индустриясының қауымдастығы