Лейден обсерваториясы — Нидерландтағы Лейден университеті қарамағында істейтін обсерватория. Бүгінгі күнге шейін істеп жатқан обсерваториялардың ішінде Ватикан обсерваториясынан кейін екінші ең көнесі болып келеді.
Оның негізі 1633 жылы қаланды. Басында ол Лейден қаласының ортасында тұрған университет ғимаратының төбесіне орналастырылды. 1860 жылы обсерватория үшін қаланың шетінде жаңа ғимарат салынды. Ол университетке қарайтын ботаникалық бақтың ішінде болды. Заманауи ғимараты 1974 жылы қаланың солтүстік-батысында салынды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде мұнда Альберт Эйнштейн біраз уақыт болған. Ол директор Виллем де Ситтермен жақсы қарым-қатынаста болған.
Де Ситтерден кейін обсерваторияны 1934 жылдан бастап атақты дат астрономы Эйнар Герцшпрунг басқарды. Одан кейін, 1945 жылдан 1970 жылға дейін, обсерваторияны Ян Оорт басқарды.
Тағы қараңыз Обсерваториялар тізімі Дереккөздер
Санат:Нидерланд астрономиялық обсерваториялары Санат:Лейден университеті