Әрімбек Мәселұлы Масалов (1940-2022) - ақын, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы.

Өмірбаяны Масалов Әрімбек Мәселұлы – 1940 жылы 5 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қарасу кеңшарына қарасты Сарыөзек елді мекенінде дүниеге келген. Ақжар ауылындағы интернатта тұрып, Абай атындағы орта мектепті бітірген. Мектеп қабырғасында жүрген кезде-ақ өлең жаза бастаған.

Екі жыл Қарасу кеңшарында жұмыс істеп, 1960 жылы Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық институтының «архитектура-құрылыс» факультетінде оқиды.

1965-95 жылдары Тарбағатай ауданының архитекторы, сәулетшісі, мұрағат директоры қызметтерін атқарған. Өмір өзенінде өзіндік өнерімен танылған Әрімбек ақын әр жылдары жарық көрген он бес шақты проза-жыр кітаптарының авторы.Тарбағай ауданының ақындары

Марапаттары 2015 жылы 2 томдық жыр жинағы – ұзақ жылғы еңбегінің жемісі. Әрімбек Мәселұлы –көптеген жыр мүшәйраларының жеңімпазы, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы, Еңбек ардагері. Аудандағы «Жырлайды жүрек» ақындар отауының төрағасы. Оның поэзиясының алтын арқауы - туған жер, бабалар тағлымы, ұрпақ сабақтастығы. Туған жерінен алыстамай, ауылда тұрып–ақ өлең-жырларын жарыққа шығарып жатыр. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық Михаил Шолохов медалінің иегері.Жырлайды жүрек ақындар байқауы

Шығармалары Мәселұлы, Әрімбек. Толағай таудың тошаласы [Мәтін] : өлеңдер жинағы / Ә. Мәселұлы, 1997. – 47 Мәселұлы, Әрімбек. Дастархан. Өлеңдер. [Мәтін] : Жыр жинағы / Әрімбек Мәселұлы, 2005. - 183 б. Мәселұлы, Әрімбек. Тұғыр [Мәтін] : жыр жинағы / Ә. Мәселұлы, 2007. - 320 б. Мәселұлы Ә. Байжігіт-бәйтеректің бұтақтары [Мәтін] / Ә. Мәселұлы, 2008. - 212 б. Мәселұлы Ә. Тұлға [Электрондық ресурс] : Өлеңдер, балладалар, дастандар / Ә. Мәселұлы, 2010. - 238 б. Мәселұлы, Әрімбек. Тағдыр [Электрондық ресурс] / Ә. Мәселұлы, 2014. – 300 б.

Дереккөздер

Санат:Ақындар Санат:Қазақстан ақындары