Сүйіндіру және желек алу — қазақ халқының отбасылық салт-дәстүрлерінің бірі. Бұл жоралғы жас келіннің бала дүниеге әкелуіне байланысты орындалған.
Сүйіндіру Жас келіншек босанғаннан кейін оның анасы арнайы жоралғысын алып келіп, қызына қалжа ретінде тары-талақан, ірімшік-мәйек және басқа да дәмдер әкелген. Бұл қалыптасқан салт және ананың міндеті мен парызы саналған.
Құда-құдағилардың немерелі болған қуанышына ортақтасып, немересіне арнап әкелген бұйымтайлары мен сәлем-сауқатын ұсынған. Осылайша құда-құдағилардың құрметті қонағы болған. Анасы болған соң жас босанған қызының қасында болып, оған рухани күш беріп, сенім туғызған. Сонымен қатар жас сәбиді емізу, күту жолдарын үйретіп, қызына ақылшы әрі қамқоршы болған. Құда-құдағилардың немерелі болған қуанышына ортақтасып, немересіне арнап әкелген бұйымтайлары мен сәлем-сауқатын ұсынған. Осылайша құда-құдағилардың құрметті қонағы болған. Нәрестенің әжесі немересін әжесі жатқан бесікке әдейі ырымдап бөлеп, келініне оның жай-жапсарын үйреткен. Мұндай дәстүр нағашы жағынан әкелінетін бесік келгенге дейін баланың жерде жатпауына байланысты қалыптасқан.
Перзентті болған қызына анасының арнайы баруы қазақ қоғамында қалыптасқан жоралғы ретінде сипатталған. Бұл салттың өңірлерде орындалу ерекшеліктері болған.
Желек алу Қызын сүйіндіруге келген анасының алдында құда-құдағи, ағайын-жұрт жиналып, жас келіннің от басы-ошақ қасында тағып жүрген орамалын алып, келініне кимешек кигізген. Бұл салт «желек алу» деп аталған. Желек алудың мақсаты — балалы болған жас келінді осы шаңырақтың белді мүшесіне айналғанын білдіру. Кейбір өңірлерде бұл салтты ұмытпай сақтап келген.
Дереккөздер
Санат:Қазақ салт-дәстүрлері