IFPI Greece — Халықаралық фонографиялық индустрия федерациясының (IFPI) грек филиалы болып табылады және ол Грекиядағы ресми чарттарды жасақтаушы мен дыбыс жазбаларының сатылымын сертификаттаушы негізгі орган қызметін атқарады. Бұл қауымдастық 75 альбомнан тұратын сатылым чартын (Top 75 album sales chart) жасақтап, жариялап отырады.
IFPI Greece ұйымының ел ішіндегі ресми атауы — «Ένωση Ελλήνων Παραγωγών Ηχογραφημάτων» (ΕΕΠΗ) (Грек фонограмма продюсерлерінің қауымдастығы). Соған қарамастан, қауымдастық көбінесе «IFPI Greece» атауымен белгілі және бренд ретінде де осы атаумен танымал.
Сертификаттаулар Қазіргі сертификаттау деңгейлері 2021 жылғы жағдай бойынша, IFPI Greece сертификаттарды немесе «марапаттарды» тек цифрлық синглдер үшін ғана береді. Марапаттар стриминтер санына негізделеді, ал iTunes жүктеулері белгіленбеген қатынас бойынша стримингтерге түрлендіріледі. Марапат деңгейлері: Алтын үшін 1 000 000 стриминг, Платина үшін 2 000 000 стриминг және Гауһар үшін 10 000 000 стриминг.Бұл марапаттар 2021 жылдың 4-ші аптасынан бастап тізімге енгізіле бастады.
Өткен сертификаттау деңгейлері IFPI Greece 2013 жылдың қарашасына дейін «Top 75 Albums» чартында сертификаттау марапаттарын жариялап тұрды. Оған дейін альбомдар үшін марапат деңгейлері келесідей болды.
Отандық репертуар үшін: ЖылдарАлтынПлатина1990 жылға дейін50 000100 0001990–199730 00060 0001997–09/200225 00050 00009/2002–09/200620 00040 00009/2006–07/200815 00030 00007/2008–20206 00012 000
Шетелдік репертуар үшін: ЖылдарАлтынПлатина1997–09/200215 00030 00009/2002–09/200610 00020 00009/2006–06/20077 50015 00006/2007–07/20085 00010 00007/2008–20203 0006 000
1997 жылға дейін шетелдік репертуардың сатылым шектері отандық репертуармен бірдей болды.
Синглдер Синглдерді марапаттау шаралары 2008 жылы «Top 50 Singles» чарты жабылғанға дейін қолданыста болды. Марапат деңгейлері: Алтын үшін 3 000 және Платина үшін 6 000 көшірме. 2007 жылдың маусымына дейін бұл шекті көрсеткіштер сәйкесінше 7 500 және 15 000 көшірмені құрады.
DVD DVD марапаттары 2008 жылы «Top 20 DVD/Video» чарты жабылғанға дейін берілді. Марапат деңгейлері: Алтын үшін 3 000 және Платина үшін 6 000 көшірме. 2008 жылдың шілдесіне дейін бұл шекті көрсеткіштер сәйкесінше 5 000 және 10 000 көшірмені құрады.
Дереккөздер
Санат:Музыкалық индустрия қауымдастықтары