The Official MENA Chart () — Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка (MENA) елдерін қамтитын, Халықаралық фонографиялық индустрия федерациясының (IFPI) ресми қолдауына ие музыкалық чарт.
Чартты Халықаралық фонографиялық индустрия федерациясы (IFPI) 2022 жылдың 29 қарашасында жариялады. Оған 13 елдің деректері кіреді: Алжир, Бахрейн, Мысыр, Ирак, Иордания, Кувейт, Ливан, Марокко, Оман, Қатар, Сауд Арабиясы, Тунис және Біріккен Араб Әмірліктері. Деректерді испандық BMAT Music Company жинайды және чарт әр сейсенбі сайын жарияланып тұрады. 2023 жылдың қазан айында Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Мысырдағы ұлттық әндердің көрсеткіштерін бақылайтын тағы төрт чарт іске қосылды. Сондай-ақ Солтүстік Африкаға арналған екінші өңірлік чарт енгізілді.
Дереккөздер
Санат:2022 жылы пайда болған сайттар Санат:Музыкалық чарттар