Қарашүңгіл қорымы — Қазақстанның Атырау облысы Жылыой ауданындағы XVIII–XX ғасырларға жататын қорым.
Орналасқан жері Қарашүңгіл қорымы Атырау облысы, Жылыой ауданындағы Аққұдық ауылынан солтүстікке қарай 12 шақырым жердегі Қарашүңгіл сорында орналасқан. Қорым Ұшқан атадан оңтүстік-батысқа қарай 35 км қашықтықта жатыр.
Кезеңі Қорым жаңа заман кезеңінен сакталған Батыс Қазақстанның ең ірі ескерткіштерінің біріне жатады. Пайда болу уакыты XVIII-XX ғасырлар аралығын қамтиды.
Атауының шығуы Қорымның атауын бір деректерде астынан мұнай шыққан сордын аты «қара» «шұңкыр» сөзінен шыққан десе, халық аузынан тарап келген аңыз бойынша қорым аты екі ғашықтың атымен байланыстырылады. Қара атты жігіт пен Шұңғыл атты қыз осы жерде қайтыс болып, осы жерде жерленген деседі.
Тарихи деректер Қорымда 15 кесене, 10 сағанатам, 238 құлпытас, 8 қойтас, 2 сандықтас, 702 қоршау, 60 қабір үсті үйіндісі бар. Қорымда Маңғыстау мен Үстірт арасында көшіп-конып жүрген адай, шекті, кете, шеркеш, есентемір руларының өкілдері жерленген. Қорымның батыс беткейінде зиярат етушілерге арнап түнек үй салынған.
Өлкедегі тарихшылардың айтуынша, Қарашүңгіл қорымда №7 ұңғыдан 42 метр тереңдіктен тәулігіне шығымдылығы 22-25 тонна құрайтын алғашқы мұнай бұрқағы атқылаған. Осы жерден 100 тонна мұнай алынып, торсыққа құйылып, түйе керуенімен жөнелтіліпті. Каспий теңізінде мұнай тасымалдаушы кеме күтіп тұрған. Содан бері біраз уақыт өтті, қазір ол жерден ешқайда мұнай тасымалданбайды. Қарашүңгіл әулиенің өзі жерленген қорым ғана қалған.
Қорымның құрылымы Қорымның ортасында әулие-баба зираты бар, ол жай төбешік түрінде жасалып, басына ағаш қада орнатылған. Қарашүңгілдегі шикі кірпішпен қаланған кесенелердің көпшілігі киіз үй пішінінде салынған. Қорымдарда Атырауға тән тік бұрышты және сопақша типті қоршау-шегендер көп кездеседі. Шегендер қос қабатты болып келеді, үстіңгі бөлігі тарлау болады. Бұл қоршаулардың мықтылығы мен беріктігіне көз жеткізуге болады.
Дереккөздер
Санат:Атырау облысы сәулеті Санат:Қазақстан кесенелері Санат:Атырау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері