«Виллидж войс» (, ) — негізінен Нью-Йорктің мәдени өміріндегі оқиғаларды қамтыған америкалық апталық.
Газет 1955 жылы Норман Мейлердің қатысуымен Гринвич-Виллидждегі жеке пәтерде құрылды.
1956 жылдан бастап The Village Voice «Тони» сыйлығының назарынан тыс қалған театр қойылымдарына «Оби» сыйлығын беріп келеді. Әр түрлі уақытта газетте Эзра Паунд, Э. Э. Каммингс, Аллен Гинсберг, Том Стоппард сияқты ірі әдебиетшілердің шығармалары жарық көрді. Басылым журналистері үш рет Пулитцер сыйлығымен марапатталды.
Ұзақ уақыт бойы Village Voice басылымының киношолушылары ретінде «америкалық киноавангардтың өкіл әкесі» Йонас Мекас пен соғыстан кейінгі дәуірдегі ең ықпалды киносыншылардың бірі Эндрю Саррис қызмет етті. Кино туралы сонымен қатар Джим Хоберман мен Майкл Аткинсон да жазды.
Газет қаржылық қиындықтарға байланысты 2017 жылы баспа нұсқасын шығаруды тоқтатты. 2018 жылы онлайн нұсқасын жүйелі түрде жаңартуды тоқтату және басылымның цифрлық мұрағатын жасау туралы жарияланды. Соған қарамастан, 2025 жылғы жағдай бойынша сайтта жаңа материалдар мезгіл-мезгіл жарияланып тұрады.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Басылымның желілік нұсқасы
Санат:Апталық газеттер Санат:2017 жылы жабылған баспа басылымдары Санат:Нью-Йорк газеттері Санат:1955 жылы Нью-Йоркте пайда болғандар