Мейнстрим ( — «негізгі ағым») — белгілі бір уақыт кезеңінде қандай да бір саланың (ғылыми, мәдени және т.б.) басым бағыты.

Бұл ұғымды кейбіреулар өнердегі баламалы, андеграунд, бұқаралық емес, элитарлық бағытпен немесе артхауспен қарама-қарсы қою арқылы танымал, жаппай үрдістерді білдіру үшін жиі қолданады.

Әдеби мейнстрим Әдеби мейнстрим үшін ең бастысы — кейіпкерлердің мінез-құлқын дамыту, философия мен идеология. Мұндай әдебиет жанрлардың тоғысқан тұсында жазылады. Оның авторлары бір-бірінен сондайлық ерекшеленеді, сондықтан олардың шығармаларын қандай да бір белгісі бойынша сұрыптау қиын.

Бұл термин адамгершілік және философиялық мәселелерге ерекше назар аударатын реалистік шығармаларға басымдық берген америкалық жазушы әрі сыншы Уильям Дин Хауэллстің арқасында пайда болды. Хоуэллстің ықпалымен реалистік әдебиет сәнге айналып, біраз уақыт бойы дәл осы бағытты мэйнстрим деп атаған.

Музыкалық мейнстрим

Бұқаралық мәдениетке қатысты «MOR» ( — «жолдың ортасы») ұқсас термині радиостанцияларда ең танымал және коммерциялық тұрғыдан табысты поп-музыка бағытын білдіру үшін қолданылады. Бұл бағыт аясында сол сәттегі ең танымал стильдердің элементтері өзара араласуы мүмкін. Бұл ұғым АҚШ-та 1940 жылдары пайда болған. Музыкалық мэйнстримге ең күшті әсер ететін елдер — АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Скандинавия елдері.

Кинематографиядағы мэйнстрим Кинематографқа қатысты айтсақ, мейнстрим — оның ең танымал формасы, демек, көрермендердің ең көп бөлігін қамтитын сала. Бүгінгі таңда бұл — бұқаралық кино, атап айтқанда Голливуд фильмдері, блокбастерлер, яғни басты ерекшелігі көріктілік болып табылатын туындылар.

Элитарлық көрерменге арналған интертекст пен көріктілікті ұштастыратын постмодернизм принциптері бұқаралық халыққа да, элитарлық көрерменге де ұнайтын жоғары сапалы кино тудыруға ықпал етеді.

Сәйкесінше, мэйнстримге көпшілікке арналған талғамсыз фильмдерді ғана емес, сонымен қатар режиссердің әлемі мен ойын сапалы түрде жүзеге асыру үшін орасан зор қаржы алған терең мазмұнды туындыларды да жатқызуға болады. Мысалы, кейбір сыншылар ұлы режиссерлердің қатарына қосатын америкалық режиссер Мартин Скорсезе фильмдері қалың көпшілік көрерменнің көңілінен шығады.

Дереккөздер

Санат:Мәдениет социологиясы Санат:Бұқаралық мәдениет Санат:Көркемдік бағыттар