Абылай тайшы (жазба деректерде Абдулай, Абла, Абулай, Обла, Облай, туған жылы белгісіз – 1674, Мәскеу, Орыс патшалығы) — ойрат тайшысы, хошоуыт тайпасының билеушісі Байбағастың екінші ұлы. Ағасы Очирту-Цецен ханның басты қарсыласы.
Өмірбаяны thumb|left|Н.Беллиннің 1750 жылы жарық көрген еңбегіндегі Абылайхит ғибадатханасы Абылай тайшының нақты туған уақыты мен орны белгісіз. 1643–1644 жылдары Батыр қонтайшымен бірге қазақтарға қарсы бағытталған жорыққа қатысқан. 1640-жылдары Сібірдегі орыс қалаларымен және Мәскеумен сауда және елшілік қатынастарын орнатты. Мәскеулік елшілер мен орыс көпестері Қытайға Абылай тайшының қоластындағы жерлері арқылы өтіп отырған. 1669 немесе 1671 жылы анасының ұлысы үшін Очиртумен орын алған күресте жеңіліп, Жоңғариядан еділ қалмақтарының қоныстарына кетуге мәжбүр болды. Оралда дербет тайшысы Даян-Омбоның ұлысын басып алған соң Дайчиннің ұлысын да бағындырды. Еділ қалмақтарының бас тайшысы Аюке Абылайға қарсы күресін бастады. Дугар және Бок тайшылармен бейбіт бітімге келіп, орыс билігінен көмек сұрады. 1671 жылы орыс воеводаларының қолдауына ие болған торғауыт тайшысы Аюкеден жеңіліс тапты.
Н.Н. Пальмов Абылайдың шайқаста қаза тапқаны туралы болжамды ұсынса, Г.Ф. Миллер оның Астраханға жіберілгенін хабарлайды.
Әдебиет Тепкеев В.Т. Хан Аюка: первые годы правления // Вестник Калмыцкого института гуманитарных исследований. 2011. № 1. С. 35–42. РГАДА. Ф. 126 (Монгольские дела). Оп. 1. 1662 г. Д. 2. Л. 5, 131. Цит. по: Слесарчук Г.И. Указ. соч. С. 135.
Санат:Сібір тарихы Санат:Жоңғар хандығы Санат:Қалмақ хандығы