The Colour and the Shape () — 1997 жылы 20 мамырда шыққан америкалық Foo Fighters рок тобының екінші студиялық альбомы. Гил Нортон шығарған альбом Ұлыбритания диаграммаларында үшінші, ал АҚШ-та оныншы орынға ие болды. Сондай-ақ, диск екі миллионнан астам данамен сатылды, осылайша топтың ең көп сатылатын альбомы болды.

Альбом 1997 және 1998 жылдары «Monkey Wrench» және «Everlong» әндерінің бейнелері үшін 5 VMA номинациясын алды. Сондай-ақ, диск 1998 жылы «Үздік рок-альбом» номинациясында «Грэмми» сыйлығына ұсынылды.

Альбом Billboard 200 диаграммасында 10-орынға ие болды.

Альбом туралы The Colour and The Shape — Foo Fighters тобының толық құрамдағы дебюті болып саналады, өйткені топ жетекшісі Дэйв Грол алдыңғы альбомды дерлік жалғыз өзі жазған болатын. The Colour and The Shape альбомының продюсері — The Pixies тобымен жұмысы арқылы танымал болған Гил Нортон. Альбомды жазу барысында Гролдың фотограф Дженнифер Янгбладпен төрт жылдық некесі ажырасумен аяқталды — музыкант осы күйзелістерінің бір бөлшегін альбомға арқау етті.

Вашингтондағы Bear Creek Studios студиясында алты апта жұмыс істегеннен кейін топ екі апталық демалыс алды. Вирджинияға оралған соң, Грол бірнеше жаңа ән жазып, соның ішінде «Walking After You» туындысын Вашингтондағы WGNS Studios студиясында таспаға басты. Кейіннен топ барабаншы Уильям Голдсмитсіз Голливудтағы Grandmaster Recorders студиясына ауысып, онда альбом материалдарының үлкен бөлігін соқпалы аспаптарда Дэйв Гролдың өзі ойнауымен қайта жазып шықты.

Foo Fighters американдық рок-тобы болса да, альбом атауындағы «color» (), яғни түс сөзі британдық орфография ережелеріне сай «colour» деп жазылған. Альбом өзінің он жылдығына орай 2007 жылы 10 шілдеде қайта шығарылды және оған бұрын жарық көрген алты би-сайд енді: екі авторлық ән («Dear Lover», «The Colour and The Shape») және төрт кавер-нұсқа, соның ішінде Герри Раффертидің әніне жасалған «Baker Street» кавері бар.

Композициялар тізімі

Чарттардағы позициялары Чарты (1997) ПозициясыAustralian ARIA Albums Chart 5Austrian Albums Chart 19Canadian Albums Chart 8Finland Albums Chart 12French Albums Chart 24German Albums Chart 41New Zealand Albums Chart 10Norwegian Albums Chart 20Swedish Albums Chart 10Swiss Albums Chart 50UK Albums Chart 3U.S. Billboard 200 10Чарты (2003)ПозициясыFinland Albums Chart (повторное участие) 5

Дереккөздер

Санат:Foo Fighters альбомдары Санат:Альтернативті рок альбомдары Санат:Гранж альбомдары Санат:Панк-рок альбомдары Санат:Пост-гранж альбомдары Санат:Хард-рок альбомдары Санат:Capitol Records альбомдары Санат:UK Rock & Metal Album Chart чартында көш бастаған альбомдар