Ержан Жұматұлы Жылқыбаев (17 желтоқсан 1982 жыл, Леңгір) — қазақстандық саясаткер, 2026 жылдан бастап «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары. Бұрын «Аманат» партиясының хатшысы (2023–2026), Тараз (2021–2022) бен Медеу ауданының (2016–2019) әкімі болған.

Өмірбаяны Ержан Жылқыбаев 1982 жылдың 17 желтоқсанында Леңгір қаласында дүниеге келген.Жылқыбаев Ержан Жұматұлы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі. 2006 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, 2011 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін тәмамдаған. Мамандығы — экономист-менеджер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, заңгер.

Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Экономика департаменті бөлімінің бас маманы болып бастады.

2006–2007 жылдары Үкіметтің Парламенттегі өкілдігінің бас сарапшысы, 2007 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бөлім басшысы болып жұмыс істеді.

2007–2009 жылдары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Шығыс Қазақстан облысы әкімі болған Бердібек Сапарбаевтың көмекшісі.

2009–2011 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2011 жылы – Семей қаласы әкімінің орынбасары.

2012–2014 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.

2015–2016 жылдары – Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2016–2019 жылдары – Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі.

2019–2020 жылдары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, бірінші вице-министрі.

2020–2021 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, 2021–2022 жылдары Тараз қаласының әкімі болды.

2023–2026 жылдары – «АMANAT» партиясы атқарушы хатшысының кеңесшісі, партияның хатшысы.Ержан Жылқыбаев «AMANAT» партиясының Хатшысы болып тағайындалдыЖылқыбаев Ержан

2026 жылы «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ол идеология бағытына жауап береді.«Әділет» партиясы төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Отбасы Жылқыбаев үйленген, бір қызы мен ұлы бар. Жұбайы — Мөлдір Сапарқызы Әбуова.Жилкибаев Ержан Жуматович (персональная справка)

Дереккөздер

Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Тараз әкімдері Санат:Аманат партиясының мүшелері