Үнзила Шапақ (30 сәуір 1973, Моңғолия) — қазақстандық саясаткер, заңгер, 2026 жылдан бастап Құрылтайдың I шақырылым депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы. Заң ғылымдарының докторы.
Бұрын ол 2023–2026 жылдары Мәжілістің VIII шақырылым депутаты, 2016–2022 жылдары Конституциялық кеңес мүшесі болатын.
Өмірбаяны Үнзила Шапақ 1973 жылы Моңғолия жерінде дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (1996) мен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің (2010) түлегі. Мамандығы — заңгер, экономист.
Еңбек жолын Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде бастаған: 1996–1998 жылдары оқытушы, 1998–2001 жылдары аспирант, 2001–2004 жылдары оқытушы, аға оқытушы болған.
Кейінгі жылдарын Қазақ гуманитарлық заң университетімен байланыстырып, онда 2004–2016 жылдары аға оқытушы, доцент, докторант, кафедра меңгерушісі, профессор, Ұлттық құқық жоғары мектебінің проректоры, директоры сияқты қызметтер атқарған. Оған қоса 2011–2015 жылдары Заңнама институтының бас ғылыми қызметкері болған.
2016–2022 жылдары Конституциялық кеңес мүшесі болып жұмыс істеді. Оған қоса 2018–2023 жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университетінің профессоры, ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшісі болды.
2023–2026 жылдары VIII сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды.Үнзила Шапақ
2026 жылы I сайланған Құрылтай депутаты атанып, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы болып сайланды.Құрылтайдың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелері сайланды
Марапаттары «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016) «Қазақстан полициясына 25 жыл» медалі (2017) «Астанаға 20 жыл» медалі (2018) «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалі (2020) «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалі (2020) «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі (2021) «Құрмет» ордені (2022) «Парасат» ордені (2025)Шапак Унзила Шапаковна (персональная справка)
Дереккөздер
Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VIII шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Құрылтайының I шақырылымының депутаттары Санат:Саясаттағы Қазақстан әйелдері Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Қазақстан экономистері