Жолайшағыл Құмтөбелі қабірі — Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылы маңындағы құмшағылда орналасқан. Жолайшағыл құмындағы сарматтық «құмтөбелі қабірде» жүргізген қазбадан, алтыннан, асыл тастан, темірден, қыштан жасалған заттар табылды. Құмтөбелі қабірлер Батыс Қазақстан аймағындағы құмды шағылда кездесетін ерекше ескерткіштер. Қазба кезінде сарматтық дәуірге жататын жартылай тоналаған «Алтын ханымының» қабірі ашылды.
Орны Қабірдің дәл орны Қарабау ауылынан солтүстікте 3 шақырым жердегі Жолайшағыл құмындағы жел ашқан «қабір». Географиялық координаты: N 98.28.810; EO 52.56.725. Жолайшағыл құмының көлемі: 300х200 метр, биіктігі 3-5 метр, солтүстіктен оңтүстікке созылып жатыр.
Сипаттама Қабірдің құрылысы қандай болғаны белгісіз. Қабір аумағынын диаметрі: 1,5 м құм қалыңдығы 1,5 м. Қабір кұмшағылдың оңтүстік беткейінде жел ашқан аланкайда орналасқан. Құм үстінде шашылған адам мен мал сүйектері жатыр. Адам қаңқаларынан: жақ, бас, саусақ, қол, аяқ, қабырға сүйектері бар. Оның арасында малдың әр түрлі сүйек сынықтары араласып жатыр. Құм қабірі 30 см терендіке дейін қазылды. Құм арасынан ондаған майда моншақтар, алтыннан, темірден, тастан жасалған заттар, сүйек сынықтары табылды. Қос тұтқалы амфора, 2 қыш көзе, алтың алқа, зергерлік бұйымдар табылды.
Табылған заттардың сипаттамасы Алтын алқа. Өте жақсы сақталған. Оның шынжыр бауы мен басына ілінген, алтын алқа, ақ түсті эмалмен көмкерілген, бір-біріне қарап тұрған құстұмсықты (грифон) және одан төмен 5 шынжырлы қоңырау тәрізді салпыншақтар ілінген. Шынжыр бауының ұзындығы: 30 см көлемі: 4х4 см. Алтын түтік. Ортасында 2 ілгегі бар, екі басында ілгек орны сақталған, орта эмаль жолак белдеуі бар, Көлемі: 4х1 см. Алтын сырға. Сырғаның қара асыл тастан салған көзі бар, бес салпыншықты. Көлемі: ұзындығы 5 см. Алтын сырға. Сырғаның көзі түсіп қалған, үстінде оралған сым темір түрінде жасалған ілгегі бар. Көлемі: ұзындығы 6 см. Моншақ. Қазба үстіндегі құмға шашылған дөңгелек формалы 25 дана ақықтан (сердолик) жасалған, диаметрі: 1-1,5 см қызыл қоңыр түсті моншақтар жиналды. Моншақ. 3 ірі моншақ. Диаметрі: 2 см болатын ақық (сердолик). Моншақ. Қара тастан жасалған бес моншақ табылды. Бұл моншақтар сердолик моншағымен бірге бір тізбеде болған. Моншақтар. Қабірден өте майда диаметрі: 3 мм болатын әртүрлі пастадан, тастан, кристалдан т.б. заттардан жасалған 300 дана моншақ тастары жиналды. Бұл моншақтар киімге тігілген. Жебе ұштары. Қоладан жасалған 27 дана үш қырлы, түтікті жебе ұштары. Семсер. Ұзындығы: 1 метр, ені 5 см тұтқасының басында шеңберлі доғасы бар, қалқаны тік жасалған. Амфора. Қос тұтқалы құмара. Бір тұтқасы басында шүмегі бар. Оның көлемі: биіктігі 25 см, ернеу аумағы 10 см. Қызыл түсті саздан жасалған, сырты қызыл ангобен боялған. Оның бетінде жөндеу кезінде пайдаланған, шегенделген шеге іздерінің тесіктері бар. Көзе. Шарықта жасалған, қара түсті, ернеуі жалпақ, түбі шар түрінде жазу. Көлемі: биіктігі 8 см, ернеуінің аумағы 5 см. Көзе. Құмыра қолмен жасалған, ернеуі сәл сыртқа қайырылған. Сырты дөрекілеу жасалған. Отқа күйген ізі бар. Көлемі: биіктігі 8 см, ернеуінің аумағы 5 см. Темір құрал. Көлемі: ұзындығы: 25 см басындағы қалақ көлемі: 4x 3 см. Пышақ. Ұзындығы: 14 см, ені 2 см нашар сақталған. Қола айна. Диаметрі: 10 см сақталуы өте нашар, бірнеше бөлікке сынған.
Жолайшағыл қабірінен табылған алқада қос самұрық немесе қыран бейнеленген. Бір-біріне қарама-қарсы құстар тұмсықтарымен тоғысқан. Оның астында шынжырлы 5 салпыншақ бар. Құс тұмсығы ақ эмалмен сырланған. Алқаның шынжырлы бауының ұзындығы 30 см. Бұрынғы кезде бұндай құс грифонның „жалқы“ түрлері ғана кездесіп келген. Смирнов К.Ф.Савроматы. М.: Издательство «Наука», 1964. - 379 с. 369-6 Дон өзені бойынан табылған металл ожаудың сабы құс бейнесімен біткен.Лукьяшко С.И., Головкова Н.Н., Обозный В.И., Гамаюнов А.К. Раскопки курганов зодчество курта стройтельства Приморской оросительной системы // Археологические открытия 1977 г. M., 1978. 600 с. 127-6. Құс пен жыртқыш аң бейнеленген екі басты қола түйреуіш Шешен-Ингуштегі Гудермес қаласы маңындағы қабірден де табылды.Петренко В.А. Раскопки и разведки памятников раннежелезного века Ингушетии. // Археологические открытия 1977 года. - М., 1978. - 600 с. - 136-б. Скифтердің ескерткіштерінде де жыртқыш құс бейнесі бар бұйымдар жаппай кездеседі. Аса таяқ басына, мүйіз басына салынған жыртқыш кұс мүсіні скиф өнеріне тән.Артамонов М.И. Происхождение скифского искусства // СА. М.: «Издатель Академии» Наук СССР», 1968. №4. - 27-45-б.
Жолайшағыл құмтөбелі қабірі сармат дәуірінің "Көсемі ханымы» обасы. Сонымем бірге оның мойынындағы екі самұрық құсы салынған «алтын алқа» ханымның сол кездегі қоғамда дәрежісінің жоғары болғанын көрсетеді. Жолайшағыл құмтөбелі қабірінің жасалу кезеңі, біздің заманымызға дейінгі II ғасырларға жатады.
Дереккөздер
Санат:Атырау облысы сәулеті Санат:Қазақстандағы қорымдар Санат:Атырау облысы тарихы Санат:Қазақстан обалары Санат:Қазақстандағы археология