Аркель саудагердің үйі — Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында орналасқан. Қазақстан Конституция көшесi, 48 мекенжайында орналасқан.

Үй саудагер Туве Лейбович Аркельге тиесiлi едi. Жоғарғы қабатты «Орталық» қонақ үй иелендi, төменгi қабатта дайын көйлектер дүкенi орналасты. Дәлелденбеген мәлiметтер бойынша, 1920 жылы 21 қарашада бұл ғимаратта Мәскеу және Петроград жұмысшыларының ашаршылыққа ұшырағандарға көмек сұрап М.И.Калинин сөз сөйлеген. ХХ ғ. 60 жылдары ғимарат өлкетану мұражайын ұйымдастыру үшiн берiлген, үстiңгi қабаты тұтастай және бiрiншi қабатының бiр бөлмесiн экспозициялық зал үшiн бөлiп берген. ХХ ғасырдың 80 жылдары ескерткiш алдағы уақытта тарихи-өлкетану мұражай экспозициялық алаң ғимарат кешенiне енгiзiлдi. 2005 жылы қайта құрылыс, қайта жаңғырту жұмыстары аяқталған. Қазiргi уақытта Аркель үйi көршiлес ғимараттар кешенiмен, облыс тарихы экспозициясы алаңының бiр бөлiгi мен әкiмшiлiк бөлменiң бiр бөлiгiн және басты мұражай қоймасы болып табылады. thumb|right|250px|Петропавл қаласындағы Аркель саудагердің үйі

Жоғалған элементтер жоқ, ғимараттың iшкi бөлмесi аз-маз қайта құруға ұшырады.

Ғимарат Г тәрiздi пiшiндi, екi қабатты. Сыртқы қабырғасының қалыңдығы 710 мм күйген кiрпiштен қаланған. Iргетасы кiрпiштен қаланған. Жабу құрылысы және шатыры-ағаш. Шатыр темiр дабынмен қапталған. Ғимарат қасбетi кiрпiштен қаланған сәндiк элементтермен безендiрiлген. Бiрiншi қабат бойынша «жақ тәрiздi» пiшiндi қалау терезе ойықтарын аяқтайды. Екiншi қабатындағы терезе ойықтары сәулеттiк этементтермен безендiрiлген. Ғимараттың басты қасбетiнде орналасқан нәзiк тормен қапталған екi жайма балкон бар. Жалпы ауданы — 793,94 шаршы метр. Ғимараттың сәулеттiк бейнесi 19 ғ. соңы — 20 ғ. басына — «эклектика» ағымына тән.

Ғимарат көпестiк шет аймақты қаланың тарихи жоспарының үлгiсi 19-20 ғғ. басында шет аймақты көпес қаласының жоспарлы кiрпiштi құрылысқа сауда және қызметтiк сипаттамасы және қаланың сәулет мұрасы болып табылады. Ғимарат Петропавл қаласындағы экскурсиялық объект ретiнде қызығушылық танытады.

19 ғасырдың аяғында мұражай орналасқан бөлмелер ағылшын саудагері Аркельдің үйі және көпес Стреловтың дүкені болды.

1891 жылы қазіргі Конституция мен Парк көшелерінің қиылысында — сол кезде Конституция көшесі Вознесенский даңғылы болды-саудагер Туве Лейбович Аркельдің екі қабатты үйі пайда болды. Ғимараттың жоғарғы қабатын "Центральная" қонақ үйі, төменгі қабатын – дайын көйлек дүкені алып жатты.

Көпес Стреловтың үйі туралы мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының сайтында "Ғимарат — бұл ХІХ-ХХ ғасырдың басына тән провинциялық көпестер қаласының тарихи орналасуының үлгісі, ол қонақ үй мен сауда мақсатындағы кірпіштен салынған ғимараттардың жоспарлы кешенді құрылысында көрініс тапқан және қаланың сәулеттік мұрасы болып табылады" делінген. Салынған жылы 1891 жыл.

Галерея

Дереккөздер

Санат:Петропавл