Индастриал-метал — хэви-метал мен индастриалдың тоғысуынан пайда болған жанр. Ол әдетте қайталанатын хэви-метал гитарасы риффтерін, сэмплингті, синтезатор немесе секвенсор жолдарын және бұрмаланған вокалды қолданады. Бұл жанрдың көрнекті өкілдеріне Ministry, Nine Inch Nails, Fear Factory, Rammstein, KMFDM және Godflesh топтары жатады.
Индастриал-метал 1980 жылдардың соңында индастриал мен металл ортақ жанрға біріге бастаған кезде дамыды. Бұл бағыт 1990 жылдары Nine Inch Nails, Ministry, Marilyn Manson, Rammstein және Rob Zombie сияқты әртістердің табысының арқасында үлкен жетістікке жетті.
Louder Sound тұжырымы бойынша үздік альбомдар 2016 жылы Louder Sound сайты индастриал-металдың ең үздік 10 альбомының тізімін жариялады:
Strapping Young Lad – City (1997) Skinny Puppy – Too Dark Park (1990) Ministry – The Mind Is A Terrible Thing To Taste (1989) Rammstein – Mutter (2001) KMFDM – Nihil (1995) Mysticum – In The Streams Of Inferno (1996) Front Line Assembly – Hard Wired (1995) Godflesh – Streetcleaner (1989) Nine Inch Nails – The Fragile (1999) Pitchshifter – www.pitchshifter.com (1998)
Дереккөздер
Санат:Индастриал-метал Санат:Рок-музыка жанрлары Санат:Индастриал