267x267px|нобай|Z буынының қыздары Лилль бейнелеу өнері сарайында суретке түсіп, оларды жіберуде Z буыны (), сондай-ақ зумерлер () ретінде де белгілі — Уильям Штраус пен жасаған буындар теориясында, әртүрлі жіктеулер бойынша, шамамен 1990 жылдардың ортасынан 2010 жылдардың басына дейінгі аралықта туған адамдарға қатысты әлемде қолданылатын термин. Z буыны өкілдерінің көпшілігі — ересек буынның немесе Х буыны адамдарының балалары (туған жылдарының төменгі шекарасы 1995—1997, жоғарғы шекарасы 2009—2013).

Бұл буын — Интернет жаппай таралғаннан кейін дүниеге келген алғашқы буын, соның салдарынан Z буынының өкілдері «цифрлық аборигендер» және «Интернет буыны» деген атауларға ие болды.

Шығу тегі мен жас ауқымысы нобай|Pew Research Center нұсқасы бойынша Батыс әлемі буындарының схемасы. Күлгін түспен Z буыны белгіленген «Z буыны», «миллениалдар» және т.б. терминдер — аналитикалық таңбалар ғана, буын шекаралары шартты болып келеді, ал демография, институттар мен мәдениеттегі айырмашылықтарға байланысты халықаралық деңгейде салыстыру жүргізу қиын. Осы буынның балама атаулары ретінде «post-Millennials», «iGen», «Homelanders», «Net Gen» нұсқалары ұсынылды. Зерттеушілер мен танымал бұқаралық ақпарат құралдары Z буынын анықтау үшін туған жылдың басы ретінде 1990 жылдардың ортасы мен аяғын, аяқталатын жылы ретінде 2010 жылдардың басын пайдаланады. Оксфорд сөздігі Z буынын 1990-жылдардың ортасынан 2010 жылдардың басына дейінгі аралықта дүниеге келген, «интернетті жақсы білетін» адамдардың тобы ретінде анықтайды. Кейбір дереккөздер нақты 1997–2010 жылдар аралығын көрсетеді, алайда бұл жылдар жиі дау тудырады немесе талқыланады.Юсупов, Эдуард. Что такое поколение Z: особенности и характер «цифровых» детей // Лента.ру, 29 ноября 2023 Канада статистика басқармасы Z буынының пайда болуын 1993 жыл деп анықтайды.

Пью зерттеушілері ұрпақтар теориясы «нақты жіктеу емес, көптеген аналитикалық құралдардың бірі» екенін және «оларды қатаң әрі айқын шектеулер ретінде емес, бағдар ретінде қарастыру керектігін» баса айтады. Пью зерттеу орталығы жаңа технологиялық және әлеуметтік-экономикалық жетістіктер сияқты «әртүрлі қалыптасу тәжірибесіне» сүйене отырып, 1997 жылды Z буынының басталған жылы ретінде анықтайды.

Қаржылық қызмет көрсету индустриясын қамтитын күнделікті іскерлік газеті: «Z буынының жас ауқымы әлі де талқылау тақырыбы болып қалғанымен, Z буыны шамамен 1993–1995 жылдар аралығында туған адамдардан басталады деген кең консенсус бар» деп хабарлайды.

Сан-Диего штаты университетінің психология профессоры бұл буынның туған жылдарын 1995–2010 деп көрсетеді.

McKinsey & Company халықаралық америкалық консалтингтік компаниясы шамамен 1995 жылдан 2010 жылға дейін дүниеге келген Z буынының өкілдерін ерте жастан бастап Интернеттің, әлеуметтік желілер мен технологиялардың әсеріне ұшыраған «цифрлық аборигендер» деп атайды.

Жалпы белгілері Z буынының өкілдері заманауи технологияларды, планшеттерді, смартфондарды және 3D-шындықты жиі белсенді пайдаланады. Олардың саналы жасында интернетке және кез келген сипаттағы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі бұрынғыдай үй компьютерімен ғана шектелмейді, қайта портативті және «қалта» құрылғыларының арқасында толық деңгейде қолжетімді. Жиі «Z буыны» термині «цифрлық адам» терминінің синонимі ретінде қарастырылады. Олар цифрлық сауаттылықтың жоғары деңгейімен, әлеуметтік медиа арқылы өзін-өзі көрсетуге бейімділігімен ерекшеленеді. Цифрландыру Z буыны қызметінің барлық салаларына әсер етеді: олар интернетте сөйлесуді, қашықтан жұмыс істеу мен оқуды жөн көреді, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді онлайн және маркетплейстерден сатып алады. Зумерлер виртуалды және нақты әлемді бөліп жармайды — интернет олар үшін нақты өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Жаңалықтарды негізінен теледидардан алатын аға буындардан айырмашылығы, Z буыны ақпаратты[қандай?] негізінен әлеуметтік желілерден алады.

Зумерлер () — имиджбордтарда Z буынының өкілдерін белгілеу үшін қолданылатын бейресми термин. Ол бэби-бумерлер буынын білдіретін boomer қысқартуы мен «Z» әрпін біріктіреді. Терминнің танымалдылығы 2018 жылы 4chan-дағы Z буынының жасөспірімдерін келемеждейтін интернет-мемде қолданылған кезде күрт өсті. Merriam-Webster мәліметтері бойынша, бұл терминнің ең көп қолданыла бастауы 2016 жылға сәйкес келеді.

Мәдениеты Z буыны жастар субмәдениеттеріне бейім. Z буынының субмәдениеттеріне анимешілер, альт, K-pop, E-kids, готтар, панктер, эмо, косплеерлер және басқалар жатады. Зумерлер арасында өткенге деген сағыныш, яғни өздері ешқашан бастан өткермесе де, өмір оңайырақ әрі стрессіз болып көрінген уақыттарды аңсау сезімі кең таралған. Мысалы, 2018 жылы «cottagecore» атауын алған эстетиканың бар болғанына көптеген жылдар болды, ол Z буынының субмәдениетіне айналды, әсіресе COVID-19 таралуына қарсы енгізілген жаппай карантиндерден кейін әртүрлі әлеуметтік желілерде қатты белең алды. Ностальгиялық көңіл-күй COVID пандемиясы кезінде және одан кейін күшейе түсті. Ностальгия әдетте егде жастағы адамдармен байланыстырылғанымен, қазір бұл үрдіс 2010–2020 жылдары кәмелеттік жасқа толғандар арасында жиі кездеседі. Қазіргі өмір шындығына бейімделуде қиындықтарға тап болған миллениалдар мен Z буыны.

Z буынының өкілдері бәрінен бұрын Y2K дәуірін және әсіресе сол кезеңге негізделген Y2K эстетикасын қатты сағынады. 2000 жылдардағы жедел өзгерістер 11 қыркүйектегі террорлық актілерден, терроризмге қарсы соғыстан және iPod пен iPhone сияқты технологиялардың қарқынды дамуынан туындаған болатын. Нөлдік жылдардың сәні, макияжы, шаш үлгілері мен аксессуарлары YouTube, TikTok және басқа да платформаларда Z буыны үшін жаппай трендке айналды. Бұған ирониялық мемдерге деген құштарлық пен 2000-жылдардағы поп-мәдениетті аңсау да жатады.

TikTok Z буыны арасында өте танымал, олар ойын-сауық әрі білім беру контентін бейне форматында тұтынуды жөн көреді. Бүкіл әлем бойынша Z буыны өкілдерінің 81%-ы қызықты немесе ойын-сауық контентін іздеу үшін TikTok-ты пайдаланады.

Білімі Бүкіл әлем бойынша Z буыны, әдетте, дамыған елдерде де, дамушы елдерде де бастауыш біліммен қамтудың жоғары деңгейіне ие. Дамушы елдердегі бастауыш мектептердегі оқушылар саны XX ғасырдың ортасынан бастап тұрақты түрде өсті. 1990 жылдар мен 2000 жылдарға қарай бастауыш біліммен қамту көрсеткіштері 100%-ға жақындады. Жаратылыстану ғылымдары саласында ең жақсы нәтижелерді Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония, Ресей және Гонконг көрсетеді.

2024 жылға қарай дүние жүзіндегі көптеген оқу орындары оқушылардың сабаққа жақсырақ зейін қоюына көмектесу үшін сыныпта ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдады. Әлеуметтанушылар Z буыны үшін білім берудегі жаһандық үрдіс ретінде қысқа аудио және бейне хабарламалар, мақалалар мен бейнероликтер форматындағы жылдам әрі ықшамдалған курстар, сондай-ақ өзін-өзі тәрбиелеумен айналысу тиімдірек екенін атап өтеді. McKinsey әлеуметтанулық сауалнамасына сәйкес, дараландыруға негізделген онлайн оқыту олар үшін мектеп бағдарламасын меңгеруде таптырмас құралға айналып келеді.

Демографиясы Z буыны қазіргі уақытта Жер бетіндегі ең көп адам саны бар буын болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Bloomberg жүргізген деректер талдауы көрсеткендей, 2019 жылы Z буынының өкілдері 7,7 миллиард Жер тұрғынының 2,47 миллиардын құрап, саны 2,43 миллиард болған миллениалдардан асып түсті.

2024 жылға арналған бағалаулар бойынша, Z буынының жаһандық халқы шамамен 2 миллиард адамды құрайды, бұл планета халқының шамамен 27%-ы. Көптеген елдерде олар жалпы тұрғындар санының 25%-ынан 30%-ына дейінгі аралықты құрайды. Z буыны өкілдерінің 48%-ы нәсілдік және этникалық азшылықтарға жатады. 2017 жылы Африкада тұратын 1,2 миллиард адамның 60%-ы 25 жастан кіші болған.

2019 жылы Ұлыбританияның шамамен 66,8 миллион тұрғынының ішінде шамамен 12,6 миллион адам Z буынына жатады.

Әлеуметтік желілердегі ықпалды адамдардың үштен бірінен астамы Z буынына жатады.

Саяси көзқарастары Дамыған демократиялық елдерде жастардың институттарға, соның ішінде өз үкіметіне деген сенімі алдыңғы ұрпақтардың сенімімен салыстырғанда төмендеді. Сауалнама мәліметтері бойынша, бұл буынның өкілдері тұтастай алғанда көбіне солшыл саяси көзқарастарды ұстанады.

Саясатпен белсенді айналысатын Z буынының өкілдері өздерінің әлеуметтік-саяси көзқарастарымен сәйкес келмейтін компаниялардан тауар сатып алудан немесе оларда жұмыс істеуден бас тартады және интернет белсенділігіді қолданады. Сондықтан әлеуметтік желілерде белсенділікті сақтап тұру, дауыс беруі жастарға тәуелді саясаткерлер мен саяси партиялар үшін өте маңызды.

2010 жылдардың аяғында Z буыны жиі ЛГБТ құқықтары, қаруды бақылау, гендерлік теңдік және түсік жасатуға қол жеткізу сияқты әлеуметтік мәселелерді қолдайтын прогрессивті топ ретінде сипатталды.

Қазақстанда нобай|267x267 нүкте|Алматы қаласындағы жас еріктілер 2026 жылғы Құрылтай сайлауы қарсаңында ақпараттық материалдар таратуда. Қазақстандағы Z буынын зерттеу нәтижелері қалыптасқан саяси институттарға деген күмәнмен қатар, саясатқа деген қызығушылықтың да артып келе жатқанын көрсетеді. Зерттеу барысында алынған мәліметтерге сәйкес (атап айтқанда, Алматы жастары арасында), жастардың саяси белсенділігі көбінесе таңдамалы сипатқа ие және дәстүрлі партиялар немесе мемлекеттік құрылымдар шеңберінен тыс жүзеге асырылады. Әлеуметтік желілер мен басқа да цифрлық платформалар саяси пікірталастар мен азаматтық қатысудың маңызды алаңына айналды.

Жас қазақстандықтардың саяси көзқарастары біртекті емес. Сауалнамалар жастар арасында үкімет пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты айтарлықтай қолдаумен қатар, саяси институттардың тиімділігі мен жауаптылығына күмәнмен қарау бар екенін көрсетеді. Саяси көңіл-күйге экономикалық факторлар да әсер етеді. Инфляция мен бағаның өсуіне байланысты наразылықтарға қатысуға дайын жастардың үлесі 2021 жылғы 20,7%-дан 2025 жылы 28,2%-ға долы өсті. Бұл ретте зерттеушілер экономикалық наразылықты сыбайлас жемқорлық, теңсіздік және биліктің қоғамның сұраныстарына жеткіліксіз реакциясы туралы кеңірек алаңдаушылықпен байланыстырады.

Онлайн-платформалар жас қазақстандықтардың саяси күн тәртібімен өзара іс-қимыл жасау тәсілдерін де өзгертті. Олар ақпарат алмасуға, қоғамдық мәселелерді талқылауға және дәстүрлі саяси институттардан тыс жерде азаматтық ұстанымды білдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зерттеушілер интернеттегі өзін-өзі көрсетуге шектеулер мен мемлекеттік институттарға деген сенімсіздік мұндай цифрлық белсенділіктің тұрақты саяси қатысуға айналуына кедергі келтіретінін атап өтеді.

Әлемде Z буыны әлемдік саясатта елеулі рөл атқарады. Соңғы жылдары оның барған сайын көп өкілдері саясатқа қызығушылық танытып, қоғамның әртүрлі институттарының қызметінде маңызды рөл атқара бастады.

Бұл буынның саяси көзқарастары жынысына байланысты өзгереді. Осы буынның америкалық әйелдері солшыл идеяларға бейім келеді, репродуктивті құқықтарды, климаттың өзгеру салдарын жұмсартуды және феминизмді қолдайды. Ер адамдар, керісінше, консервативті идеологияға көбірек иек артады, бұл әсіресе трансгендерлердің құқықтары, саяси дұрыстық, экономикалық саясат, жоққа шығару мәдениеті және дәстүрлі гендерлік рөлдер туралы сұрақтарға жауап беру кезінде байқалады.

Діни көзқарастары Соңғы 10 жылда әлемнің әртүрлі елдерінде жүргізілген көптеген сауалнамалар жастардың дінге деген қызығушылығының біртіндеп төмендеуін айғақтайды. Пью зерттеу орталығы 2018 жылы 40 жастан кіші адамдар орташа есеппен өздерін діндар деп әлдеқайда сирек санайды және діни рәсімдерді сирегірек орындайды деген қорытындыға келді.

Қазақстанда