Джесси Вудсон Джеймс (; 5 қыркүйек 1847 жыл — 3 сәуір 1882 жыл) — XIX ғасырдағы америкалық әйгілі қылмыскер, өз серіктерінің арасында «Дингус» лақап атымен танымал болған.Jesse James — Wikipedia. Әдебиетте Джесси Джеймс көбіне Жабайы Батыстың өзіндік бір Робин Гуды ретінде сипатталады. Ол Азамат соғысында Оңтүстіктің жеңілгені үшін кек алу мақсатында және кедейлердің пайдасына бола федералдық банктер мен компанияларды (әсіресе саясаткер-республикашылдармен және солтүстікшілдермен байланысы бар мекемелерді) тонаған деп есептеледі. Ол өмірінің соңына дейін сенімді конфедерат болып қалды және бұл туралы үнемі ашық мәлімдеп отырды. Басқа бір көзқарас бойынша, мұндай бағалаулар шындыққа жанаспайды, және Джесси Джеймстің «ерліктері» кәдімгі бандитизм болған делінеді.Jesse James Was His Name / William A. Settle. — University of Nebraska Press, 1977. — 263 p.

Балалық шағы әрі жастық шағы Джесси Джеймс Миссури штатында, Кентуккиден көшіп келген дәулетті фермер әрі баптист уағызшысы Роберт Джеймстің отбасында дүниеге келген. Әкесі анасы Зерельда Коулмен үйленгеннен кейін үш жыл өткен соң Миссуриге қоныс аударған. Роберт Джеймс 1849 жылы Миссури штатының Либерти қаласындағы William Jewell College негізін қалаушылардың бірі болды.The Rise and Fall of Jesse James / Robertus Love. — University of Nebraska Press, 1990. — 448 p. Отбасында Джессиден бөлек тағы екі бала — үлкен ағасы Александер Franklin «Фрэнк» және қарындасы Сюзан Лавиния өсті. Алтын безгегі басталған кезде Роберт Джеймс алтын іздеп ағылған өз қауымының соңынан еруді жөн көрді де, отбасы Калифорнияға көшті. Роберт сонда қайтыс болғанда Джесси әлі үш жаста ғана еді. Жесір қалған анасы көп ұзамай Бенджамин Симмзге, ал кейінірек доктор Рубен Сэмюэльге тұрмысқа шықты. Соңғы некеден Джессидің шешесі бір туған бауырлары мен қарындастары: Сара Луиза, Джон Томас, Фанни Квантрелл және Арчи Пейтон дүниеге келді.

Азамат соғысы Азамат соғысы басталғанға дейін Сэмюэль-Джеймс отбасы фермада темекі өсіру үшін 7 құл сатып алған болатын. Миссури штаты солтүстік штаттар мен құл иеленуші Оңтүстіктің арасындағы шекаралық аймақта орналасты, бірақ оның халқының шамамен 75%-ы Жоғарғы Оңтүстіктен шыққандар еді және сәйкесінше оңтүстік мәдениетін ұстанды.Jesse James: Last Rebel of the Civil War / T. J. Stiles. — Alfred A. Knopf, 2002. — 510 p. Осы себепті де Миссури соғыс қимылдары ең қатты жүрген негізгі аумақтардың біріне айналды. Сэмюэль-Джеймс отбасы бастапқыда конфедераттардың жағын қолдап, конфедераттар армиясының командирлерінің бірі Чарльз Куантриллдың қол астында қызмет етті. Фрэнк Джеймс штаттың азаматтық жасағына қосылып, Уилсон-Крик түбіндегі шайқасқа қатысты, бірақ көп ұзамай ауырып, үйіне қайтты. Дәл осы кезеңде ол жылқы ұрлауды және суыққандылықпен адам өлтіруді үйренген болатын.

1381 жылы ол сол аймақта әрекет еткен қылмыстық топтың (банданың) мүшесі ретінде танылды. Осы жылдың мамыр айында одақтас полиция отряды қылмыскерлерді іздестіру барысында Фрэнк Джеймсті табу мақсатында Сэмюэль-Джеймс фермасына келді; тергеу амалдары жүргізіліп, доктор Рубен Сэмюэль банда мүшелерін жасырғаны үшін дарға асылды.

1866 жылы Джесси мен оның бандасы алғашқы банк тонау қылмысын жасады.

Қылмыстары мен өлімі 1873 жылы банда алғаш рет пойызды тоқтатып, тонау арқылы 2000 доллар қолды қылды. Содан бері пойыз тонау тұрақты сипатқа ие болды, кейде Джеймс-Янгер бандасы күніне екі каретаны қатарынан тонайтын. Джесси Джеймс өзінің қатыгездігімен танымал болды: тонау кезінде ол еш ойланбастан оқ ататын және көптеген кісі өлімдеріне себепкер болды.

1874 жылдың қысында Джеймс бандасы пойыздың пошта вагонын тонады. Сондай-ақ бандиттер дәулетті жолаушылардың барлық құнды заттарын тартып алды. Бұл ретте олар ер адамдардың алақандарын тексеретін болған. Егер қолдан жұмыстан пайда болған мүйізгектенген (сүйелденген) іздер табылса, оларды тыныш қалдыратын.

1882 жылдың 3 сәуірінде банда мүшесі, 20 жасар Роберт Форд Джессиді револьвермен арқасынан атып өлтірді. Оқ Джесси Джеймс өзінің бүкіл қару-жарағын шешіп (ол мұны ешқашан жасамайтын), қабырғадағы суретті түзетпек болып Фордқа арқасымен бұрылған сәтте атылды. Роберт губернатор уәде еткен сыйлықпен бірге АҚШ тұрғындарының алғысын аламын деп үміттенген еді, бірақ оның таңданысына орай, бәрі керісінше болды. Роберт Фордты барлығы жек көре бастады. Көрші штаттарда қаңғып жүргеннен кейін, Форд Колорадода шағын, бірақ танымал бар ашты. 1892 жылдың 8 маусымында таңертең Эдвард О'Келли тек Форд пен бармен ғана отырған барға кіріп, «Сәлем, Боб!» деп, сәлемдесуге бұрылған Фордты жақын қашықтықтан атып өлтірді. Қандықол өмірлік түрме жазасына кесілді, бірақ штат басшылығына жеті мың азаматтың қолы қойылған жазаны жеңілдету туралы петиция түскеннен кейін, Эдвардқа кешірім жасалды.

Джесси Джеймс кейіпкер ретінде Кино 1921 — «Джесси Джеймс қара ту астында» / Jesse James Under the Black Flag (Джесси Джеймс-кіші) 1921 — «Джесси Джеймс заңнан тыс» / Jesse James as the Outlaw (Джесси Джеймс-кіші) 1927 — «Джесси Джеймс» / Days of Jesse James (Фред Томсон) 1938 — «Джесси Джеймс. Уақыттан тыс қаһарман» / Jesse James (Тайрон Пауэр) 1939 — «Джесси Джеймстің күндері» / Days of Jesse James (Дон Барри) 1941 — «Джесси Джеймс тығырықта» / Jesse James at Bay (Рой Роджерс) 1947 — «Джесси Джеймс қайта оралады» / Jesse James Rides Again (Клейтон Мур) 1949 — «Мен Джесси Джеймсті атып өлтірдім» / I Shot Jesse James (Рид Хэдли) 1949 — «Жазық дала жауынгері» / Fighting Man of the Plains (Дейл Робертсон) 1950 — «Канзас қарақшылары» / Kansas Raiders (Оди Мерфи) 1951 — «Миссуридегі ұлы тонау» / The Great Missouri Raid (Макдональд Кэри) 1954 — «Джесси Джеймстің әйелдері» / Jesse James Women (Дон Барри) 1957 — «Джесси Джеймстің шынайы тарихы» / True Story of Jesse James (Роберт Вагнер) 1959 — «Жанама есім — Джесси Джеймс» / Alias Jesse James (Уэнделл Кори) 1960 — «Жас Джесси Джеймс» / Young Jesse James (Рэй Стриклин) 1962 — «Ымырт аймағы» / Twilight Zone (3-маусым, 20-серия «Showdown with Rance McGrew»; рөлді Арч Джонсон сомдайды) 1965 — «Джесси Джеймс туралы аңыз» (телесериал) / The Legend of Jesse James (Кристофер Джонс) 1966 — «Джесси Джеймс Франкенштейннің қызымен кездеседі» / Jesse James Meets Frankenstein’s Daughter (Джон Люптон) 1969 — «Өлетін уақыт» / A Time for Dying (Бадд Беттикер) 1972 — «Миннесота штатындағы Нортфилдке жасалған ұлы шабуыл» / The Great Northfield Minnesota Raid (Роберт Дюваль) 1980 — «Алыстан шапқандар» / The Long Riders (Джеймс Кич) 1986 — «Фрэнк пен Джесси Джеймстің соңғы күндері» / The Last Days of Frank and Jesse James (Крис Кристофферсон) 1986 — «80 күнде дүние жүзін айналу» / Around the World in 80 Days (Стивен Николс) 1994 — «Фрэнк пен Джесси» / Frank and Jesse (Роб Лоу) 1995 — «Виртуоздық» / Virtuosity (SID 6.7 кейіпкерінің прототиптерінің бірі ретінде көрсетілген) 1999 — «Тамұқ» / Purgatory (Эрик Робертс және Джон Дэвид Созер) 2001 — «Америкалық қаһармандар» / American Outlaws (Колин Фаррелл) 2005 — «Тура Джесси Джеймс секілді» / Just like Jesse James (Сэм Шепард) 2005 — «Джесси Джеймс: Аңыз, Қылмыскер, Террорист» / Jesse James: Legend, Outlaw, Terrorist (Discovery HD фильмі) 2007 — «Қорқақ Роберт Фордтың Джесси Джеймсті қалай өлтіргені» / The Assassination of Jesse James by the Coward Robert Ford (Брэд Питт) 2010 — «Америкалық бандиттер: Фрэнк пен Джесси Джеймс» / American Bandits: Frank and Jesse James (Питер Фонда) 2015 — «Пинкертондар» / The Pinkertons (сериал, Канада) 2017 — «Уақыттан тыс» / Timeless («Джесси Джеймстің өлтірілуі» эпизоды, рөлде — Дэниэл Лиссинг) 2019 — «Ағайынды Джеймстер: Кек» / Brothers James: Retribution

Ойындар 1991 — Bill & Ted’s Excellent Video Game Adventure 2001 — America: no peace beyond the line 2001 — Gunfighter: The Legend of Jesse James 2013 — Call of Juarez: Gunslinger

Дереккөздер

Әдебиет Settle, William A. Jesse James Was His Name. — University of Nebraska Press, 1977. — 263 p. — ISBN 978-0803258600. Stiles, T. J. Jesse James: Last Rebel of the Civil War. — Alfred A. Knopf, 2002. — 510 p. — ISBN 978-0375405839.

Санат:АҚШ қылмыскерлері