Ричард Сэмюэл Аттенборо, барон Аттенборо ( ; 29 тамыз 1923, Кембридж, Кембриджшир, Англия — 24 тамыз 2014, Лондон, Англия) — британдық актёр, кинорежиссёр және кинопродюсер.
Корольдік драма өнері академиясы мен Британдық кино және телевизия өнері академиясының президенті қызметтерін атқарған. Екі мәрте «Оскар» (1983), алты мәрте «Алтын глобус» (1967, 1968, 1970, 1973, 1983 — екі мәрте) және төрт мәрте «BAFTA» (1965, 1983 — екі мәрте, 1994) сыйлықтарының иегері, Берлин кинофестивалінің жүлдегері.
Өмірбаяны Ричард Аттенборо 1923 жылдың 29 тамызында Кембридж қаласында академик Фредерик Аттенбороның отбасында дүниеге келген. Өмірінің соңғы күндеріне дейін өзі басқарған Корольдік драма өнері академиясында оқыған. Аттенборо — табиғат зерттеушісі, жазушы және деректі фильмдер режиссері Дэвид Аттенбороның үлкен ағасы.
Аттенборо отбасы 1939 жылғы «Киндертранспорт» еріктілерінің үндеуіне үн қосқандардың бірі болып, Хелга және Ирена Бежач есімді 9 және 11 жастағы екі неміс-еврей қызын өз отбасына қабылдады. Балалардың ата-анасы қайтыс болғаны белгілі болған соң, олар соғыстан кейін де отбасында қалып қойдыThe Amber Time Machine, BBC 2004. 1950 жылдары Хелга мен Ирена Америкаға өз ағасының қасына көшіп барып, тұрмысқа шықты және Америка азаматтығын алдыEntirely Up To You, Darling by Diana Hawkins & Richard Attenborough; pages 29-30; paperback; Arrow Books; published 2009. ISBN 978-0-09-950304-0.
1945 жылдың қаңтар айында Ричард актриса Шейла Симге үйленді.
1967 жылы Аттенборо Британ империясы орденінің командоры атағына ие болды, 1976 жылы рыцарь атағын алды, ал 1993 жылы Өмірлік пэр титулымен марапатталды. Бұл ретте ол 1979 бен 1993 жылдар аралығындағы 14 жыл бойы киноға түскен жоқ.
2008 жылдан бастап «Челси» футбол клубының өмір бойғы вице-президенті болды.
«Ганди» (1982) өмірбаяндық фильмін қойғаны және продюсерлік еткені үшін «Оскар», «Алтын глобус» және BAFTA сыйлықтарымен марапатталған.
2004 жылы Аттенбороның үлкен қызы Джейн қызымен және қайынненесімен бірге Таиландтағы цунами кезінде қаза тапты.
Өмірінің соңғы бес жылында инсульттан кейін сәтсіз құлап, мүгедектер арбасына таңылды. Денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты 2013 жылдың наурыз айында қарттар үйіне орналастырылды.
2014 жылдың 24 тамызында 90 жасында қайтыс болды. Өсиеті бойынша күлі Ричмондтағы Әулие Мәрия Магдалина шіркеуіндегі қызы мен немересінің қабірлерінің жанына жерленді.
Дереккөздер
Санат:Үздік режиссёр үшін Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Құрмет легионы орденінің иегерлері Санат:BAFTA марапаты иегерлері Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері Санат:Давид ди Донателло сыйлығының иегерлері Санат:Америка режиссерлер гильдиясы сыйлығының иегерлері