Серік Әбдірайымұлы (1943 жыл, Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылы - 2009 жыл) – публицист-жазушы, журналист, баспагер, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6. Өмірбаяны Еңбек жолын осында қатардағы құрылысшы, қарапайым тракторшы болып бастаған. ҚазМУ-дың (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетті) журналистика факультетін бітірген (1968 жылы). 1968 – 79 жылдары “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газеті редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болды. 1979 – 86 жылдары “Өнер” баспасының Бас редакторы 1986 – 90 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы партия тарихы институттындағы марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектерін қазақ тілінде шығаратын Бас редакцияның меңгерушісі 1990 жылдан “Санат” (1993 жылға дейін “Қазақ университеті” аталған) баспасының негізін қалап, өмірінің соңына дейін өзі негізін қалаған баспаның директоры қызметін абыроймен атқарды. Аудармалары түрік жазушысы Орхан Кемальдың “Тұңғиықта” романын орыс қаламгері Б.Васильевтің “Мансап пен махаббат” О.Серовтың “008 агенттің күйреуі” повестерін эстон жазушысы Пауль Куусбергтің “Монолог” повесін атақты әнші Ф.Шаляпиннің “Перде жамылған пенде” естелігін батыс, шығыс жазушыларының көркем әңгімелерін аударды. Редакторлығы Аса көрнекті коғам және мемлекет қайраткері Д.А. Қонаевтың “Өтті дәурен осылай” (1991 жылы) “Ақиқаттан аттауға болмайды” (1994 жылы) соғыс және еңбек ардагері Ә.Жүргеновтің “Жел өтінде өскен бір ұлыңмын” кітаптарының әдеби нұсқаларын жазған. “ҚаҺарман – Нұрғиса”, “Елу жыл ел ағасы” жинақтарын құрастырды.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9
Шығармалары Жалынды жастық шақ. Эсселер, А., “Қазақстан”, 1974 жылы; Еңбек Ері Ермеков. Повестъ, А., “Санат”, 2000 жылы. Күнді көлегейлеуге болмайды.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Көзқарасы Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Д.А. Қонаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Ең бай,өркениетті және дамыған мемлекет». Хоббиі - волейбол, шахмат, көркем әдебиет, хайуанттар әлемі, театр. Сүйіп оқитын әдөбиеті - А.Құнанбаев, М.Жұмабаевтың поэзиясы, М.Әуезов, 3.Қабдолов, Ғ.Мүсірепов, Ә.Кекілбаевтың шығармалары.
Отбасы Жұбайы - Бөпетаева Шарбан Жақыпқызы, зейнеткер. Ұлдары - Халижан (1965 жылы туған ), экономист; Ернар (1967 жылы туған),заңгер; қыздары - Гүлнар (1967 жылы туған ), филолог; Гүлмира Серікқызы Әбдірайымова (1972 жылы туған ), әлеуметтанушы, социология ғылымдарының докторы. Немерелері -Ақдана (1991 жылы туған ); Нұрлайым (1993 жылы туған ); Димаш (1998 жылы туған ); Дінислам (1998 жылы туған ); Арлан (2001 жылы туған ); Мирас (2003 жылы туған ); Елдана (2003 жылы туған ), Әдия (2006 жылы туған ); Медет (2008 жылы туған ).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалығы, қаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:2009 жылы қайтыс болғандар Санат:Талас ауданында туғандар Санат:1943 жылы туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері