Әкімшілдік-әміршілдік жүйе – елдің экономикасын басқару тәсілі. Мұнда әкімшілдік, әміршілдік әдістерге басты рөл жүктеледі және билік басқарудың орталық органдарына, төрешілдік аппаратқа шоғырландырылады. Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бір орталықтан директивалық жоспарлау тән. Кәсіпорындар өздеріне басқарудың жоғары сатыларынан берілген жоспарлы тапсырмаларға сәйкес әрекет етеді. Әкімшілдік-әміршілдік жүйе тоталитарлық режимдерге сүйеніп, басқарудың демократикалық қағидатына қайшы келеді, еркін нарықтың, бәсекенің, кәсіпкерліктің дамуына бөгет жасайды.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
Дереккөздер
Санат:Саясаттану Санат:Экономика түрлері Санат:Экономикалық терминдер Санат:1987 жылғы КСРО