Бәкір Ахметұлы (15.6.1927, Қызылбұлақ ауылы Қазығұрт ауданы – 12.1998, Шымкент қ.) – партия, кеңес қызметкері. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
Дулат тайпасының Жаныс руынан. 1944 ж. Ташкент ауылы шаруашылық институтын бітірген (1945). Ғалым-агроном. Еңбек жолын Қазығұрт ауданы ауылы шаруашылық бөлімінде агроном болып бастаған. Созақ аупарткомының бірінші хатшысы, облыстық астық дайындау басқармасының бастығы қызметтерін атқарып, республикалық дәрежеде дербес зейнеткерлікке шыққан. «Октябрь революциясы», 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Созақ, Қазығұрт аудандарының құрметті азаматы.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы. Сілтемелер
Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары