Жартас – Абай облысы Аягөз ауданындағы Шар және Ащысу өзендері аралығындағы тау.
Жер бедері Ең биік жері – Қосымбет тауы (699 м). Шар және Ащысу өзендерінің орта ағысы тұсында солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 25-30 км-ге созылып жатыр.
Геологиялық құрылымы Пермьнің сазды тақтатас, конгломерат, құмтас жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Топырағы бозғылт, қызғылт қоңыр, сортаң. Өзен аңғарымен жылға, сай-жыраларда қараған, тобылғы өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Аягөз ауданы таулары