Рашит Саттарұлы Кәренов (1944 жылы туған) – 1992 экономика ғылымының докторы, профессор (1993). 1967 Қарағанды политехникалық институтын, (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген соң осы институтта 1970-90 аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 1991–94 ҚР ҰҒА Жер қойнауын кешенді игеру Қарағанды ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі. 1994–2001 және 2002 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Кәренов 1200 ғылыми және әдеби жарияланымның, оның ішінде 23 монографияның авторы.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы Дереккөздер
Санат:Тұлғалар