Ақбұлақ (2018 жылға дейін – Тасмола)Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының ауылдары мен ауылдық округтері атауларын қайта атау туралы — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданындағы ауыл, Ақбұлақ ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шыңғырлау ауылынан оңтүстікке қарай 40 км жерде, Жіңішкесай өзенінің жағалауында орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1303 адам (639 ер адам және 664 әйел адам) болса, 2009 жылы 907 адамды (446 ер адам және 461 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 500 адамды (270 ер адам және 230 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы 1954-1997 жылдары “Шілік” астық кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде Тасмолада және округке қарасты Ақатан, Қотантал ауылдарында “Ақатан”, “Бектұрғанова”, т.б. шаруа қожалықтары құрылған.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шыңғырлау ауданы елді мекендері