Сейітқазы Асылсейітұлы Кешуов (28.12.1951 жылы туған, Ақтөбе облысы Көксу ауданы) – техника ғылымының докторы (1994), профессор (1996). 1973 - Алматы мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті), 1979 - Челябинск ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институтының аспирантурасын бітірген. 1973-1976 - Қазақстан ҒА-ның Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтында инженер, Алматы мемлекеттік ауыл шаруашылық институтында ассистент, 1980-2001 - оқытушы, кафедра меңгерушісі, 2001 жылы осы институттың инженер ғылыми өндірістік кешенінің жетекшісі болды. 2002 жылдан осы институттың директоры қызметін атқарады. 100-ден аса ғылыми жарияланымның, 2 монографияның, бірнеше оқу құралдарының авторы.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы Дереккөздер

Санат:Тұлғалар

Санат:1951 жылы туғандар