Бердіғали Игіліков (15.12. 1910 жылы туған, Орынбор облысы, Орск ауданы) – әскери маман, генерал-майор (1958).

Өмірбаяны Жастай жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленген. 1930–32 жылдары Мәскеу автотрактор институтында оқыған. Механикаландыру және моторландыру әскери академиясын бітірген (1935). 1935 – 38 жылдары Байкал сыртқы әскери округінде батальон командирі 1938 – 41 жылдары Орта Азия әскери округінде танк полкі командирінің орынбасары, батальон командирі 1941 – 42 жылдары Батыс майданы 105-танк дивизиясының батальон командирі және полк командирінің орынбасары Волхов және 1-Украин майдандары құрамындағы 59-армияның автобронды-танк әскерлері бастығының орынбасары 1945 – 47 жылдары 5-армияның 11-механикаландырылған дивизиясы командирінің орынбасары. 1947 – 68 жылдары Балтық бойы, Приморье әскери округтерінде техникалық бөлім бастығының орынбасары және қолбасшысының техникалық бөлім жөніндегі орынбасары 15- және 1-армиялар қолбасшысының көмекшісі болды. 1968 жылы әскер қатарынан босады.

Марапаттары Қызыл Ту ордені 2 мәрте Қызыл Жұлдыз ордені 1-дәрежелі Отан соғысы ордені 2-дәрежелі Отан соғысы ордені медальдер.А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

Дереккөздер

Санат:15 желтоқсанда туғандар Санат:1910 жылы туғандар Санат:Орск ауданында туғандар Санат:КСРО генерал-майорлары Санат:Мәскеу автотрактор институты түлектері Санат:Механикаландыру және моторландыру әскери академиясы түлектері Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері