Көбелек – қазақ халқының ұлттық биі.

Осы аттас күйдің сүйемелімен биленеді. Музыкалық өлшемі 2/4. Үш бөлімді. Бірінші және үшінші бөлімінің ырғағы жылдам, екінші бөлімі лирикалық бәсең екпінде орындалады. Би көбелектің ұшып-қонуын, қанат қағыстарын, т.б. қимыл-әрекеттерін бейнелейді.

Биді 1956 ж. балетмейстер Д.Әбіров қойды. “Көбелек” қазақ бишілерінің репертуарынан берік орын алды. Ал оның А.Бекбосынов қойған, бір топ бишіге арналған түрі көркемөнерпаздар үйірмелерінде орындалып жүр.Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том

Дереккөздер

Санат:Қазақ ұлттық билері Санат:Қазақ билері