Ростоша — Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданындағы ауыл, округ орталығы. Аудан орталығы — Переметное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 14 км жерде, Деркөл өзенінің жағалауында орналасқан. Тұрғыны 1,4 мың адам (2004). 1919 — 96 ж. кеңшар орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылдан Ростошада және округтегі Бокаушино ауылында шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауыл маңында газ кен орны орналасқан. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том Дереккөздер:
Санат:Батыс Қазақстан облысы