Мэлс Өзбеков 1938 жылы 2 қыркүйекте Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Көкдөнен ауылында (бұрынғы Луговой ауданы, Калинин ауылында туған. 1995 жылы қайтыс болған. Сазгер, өнер қайраткері. 1962 жылы П.И. Чайковский атындағы Алматы музыка училищесінің дирижер бөлімін бітірген. Тұрар Рысқұлов ауданы мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, өзінің туған ауылында автоклуб меңгерушісі қызметтерін атқарған. Оның «Жазылбекшілер маршы», «Ақтамақ қарлығаштар», «Келші айым», «Құланда», «Асыл арманым», «Арман гүлім»,«Тобылғы сай», «Әкем-әнім» әндері халық арасында кең тараған.
Ономастикалық комиссия шешімімен кіндік қаны тамған Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылында бір көше мен аудандық Мәдениет үйі Мэлс Өзбековтың атымен аталады.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:Тұрар Рысқұлов ауданында туғандар Санат:Өнер қайраткерлері