Керейіт (1993 жылға дейін – Ильинка)Об упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан — Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауыл, Арыс ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылынан солтүстік-батысқа қарай 26 км-дей жерде, Арыс өзені бойында, бұта аралас бидайық, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен қызыл қоңыр, кейде бозғылт қоңыр және сұр қоңыр топырақты тау алдының қуаң жазығында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен14761579 1582 100,2 802 816 101,7 777 766 98,6

Тарихы Іргесі 1957 жылы Киров атындағы қой шаруашылығының ұжымшары ретінде қаланған. Оның негізінде 1997 жылы шаруа қожалықтары ұйымдастырылған.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автокөлік жолдары арқылы қатынасады.Түркістан облысының энциклопедиясы, 4-том

Дереккөздер

Санат:Түлкібас ауданы елді мекендері